Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 2083 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 20 қазандағы N 1747 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қарашада N 13-1-145 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 662 Қаулысымен

     Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.06.15 N 662 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 231-І Заңының 28-бабына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 19 шілдедегі N 38 қаулысының 7-тармағы 21) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкімдігінің "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 2083 қаулысына (2008 жылғы 22 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-110, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 6 саны "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 7 саны), Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 2083 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Петропавл қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 22 ақпандағы N 256 қаулысымен (2008 жылғы 22 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-114, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 14 саны, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 15 саны,) "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 2083 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 1180 қаулысымен (2008 жылғы 22 шілдедегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-121, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 33 саны, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 34 саны) Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 2083 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 19 тамыздағы N 1317 қаулысымен (2008 жылғы 28 тамыздағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-124, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 5 қыркүйектегі N 36 саны, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 5 қыркүйектегі N 37 саны) енгізілген өзгерістермен мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған қаулымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшерлері" 1-қосымшасында:
      "Петропавл қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 9 жолдағы "Ай сайынғы жұмыс орындары" бағанында "3" саны "27" санымен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 13 жолмен толықтырылсын:
      "Кәсіпорынның атауы" бағаны "13. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің "Қызыл Жар – Ақбастау" коммуналдық базары" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" сөздерімен;
      "Ай сайынғы жұмыс орындары" бағаны "30" санымен;
      "Қоғамдық жұмыстардың түрлері" бағаны "Кәсіпорындар мен ұйымдарға ауылшаруашылық өнімдерін жинау және сұрыптауға көмек көрсету" сөздерімен;
      "Разряды" бағаны "ІІІ";
      "Коффициенті" бағаны "1,59".
      "Жиынтығы:" жолдағы "Ай сайынғы жұмыс орындары" бағанындағы "492" саны "546" санымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Қала әкімінің м.а.                         Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады