"Аққайың аудандық ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 27 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 наурызда N 13-2-69 тіркелді. Күші жойылды - Аққайың аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 256 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аққайың аудандық әкімдігінің 2009.12.20 N 256 Қаулысымен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148Заңының 37-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 15-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 және «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулыларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аққайың аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік  мекемесімен «Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Н.З.Телтаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Шушамоин

Аққайың ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 27 қаулысына
қосымша

«Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Техниканы лизингке алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызметі шаруашылық етуші субъектінің егістік аудандары екендігі және үш жыл ішіндегі егін шығымдылығы туралы анықтама болып табылады.
      2. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік кызмет «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 15-1 бабы, «Занды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы, «Мемлекеттік кызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті «Аққайың аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынады, заңды мекен-жайы: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Народная көшесі, 37, жұмыс телефоны 2-11-32.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Аққайың ауданының шаруашылық етуші субъектілерінің басшыларына ұсынылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген) сәттен бастап қызмет көрсету мерзімдері - 20 минут;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге (тіркелген сәттен) рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 20 минут;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде анықтаманы алған кезден кезекке тұруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 20 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
      9. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ресми ақпарат көздерінде және «Аққайың аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлмесінің стендінде орналасқан.
      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс уақыты: күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін, сенбі және жексенбі демалыс күндері. Мемлекеттік қызмет алу үшін алдын ала жазылу ескерілмеген.
      11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекеме үй-жайында көрсетіледі. Үй-жайда өрт қауіпсіздігі сақталған, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған (құжаттардың үлгілері, мемлекеттік қызметті алу реті тағанда көрсетілген).

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ұсыну қажет:
      1) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Аққайың аудандық әділет басқармасымен беріледі, мекен-жайы: Смирново селосы, Труд көшесі, 11; жұмыс уақыты сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, телефон 22023;
      2) шаруашылық етуші субъектінің заңды тіркелуі туралы куәлікті Аққайың ауданы бойынша салық комитетімен беріледі, мекен-жайы: Смирново селосы, Зеленая көшесі, 23; жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін, телефон 2-14-05.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланктерді, өтініштерді толтыру қажет етілмейді.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар «Аққайың аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманына тапсырылады.
      15. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажеттіқұжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тұтынушының мемлекеттікқызметті алған күні көрсетілген Мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналы болып табылады.
      16. Қызмет көрсету нәтижесі туралы тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемеге жеке бару жолымен біледі.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін тутынушыға «Аққайың аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманымен береді.
      17. Тұтынушы құжаттарды тапсырмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік органның қызметтің тұтынушысына қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары: сыпайылық, әдептілік, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметкерлердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсетуге жоғары тұрған органдарға шағымдана алады:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі, заңды мекен-жайы: Смирново селосы, Народная көшесі, 50, электрондық пошта мекен-жайы: akkain-akimat@sko.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (71532) 2-12-77;
      2) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылық департаменті» мемлекеттік мекемесі, заңды мекен-жайы: 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы  көшесі, 38, электрондық пошта мекен-жайы: dsh@sko.kz қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7152) 46-28-95.
      22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын көрсету:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі, заңды мекен-жайы: Смирново селосы, Народная көшесі, 50, электрондық пошта мекен-жайы: akkain-akimat@sko.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (71532) 2-12-77;
      2) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылық департаменті» мемлекеттік мекемесі, заңды мекен-жайы: 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы  көшесі, 38, электрондық пошта мекен-жайы: dsh@sko.kz қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7152) 46-28-95.
      23. Тұтынушы шағымды тапсырған кезде, оны Жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркегеннен кейін, шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. «Аққайың аудандық ауыл шаруашылық бөлім» мемлекеттік мекемесі бастығының жұмыс кестесі: күнделікті сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін. Түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін, демалыс сенбі және жексенбі. Қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны 2-11-32, электрондық пошта мекен-жайы: Akksu@mail.kz.
      25. Шағымды қанағаттандырмаған жағдайда уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарастыратын органның байланыс деректері:
      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, электрондық пошта мекен-жайы: akimat@sko.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7152) 46-41-25

«Лизингке техниканы сатып алу
үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
норматив-
тік мәні

Көрсеткіш-
тің келесі
жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

99

99

99

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

99

99

99

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

95

95

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқасы) % үлесі

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

95

95

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі

95

95

95

3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

5

5

5

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100

100

100

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

95

95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады