"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жеке тұлғаларға көрсетілетін "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 25 маусымдағы N 166 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 31 шілдеде N 13-3-70 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамызда N 197 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет Тізімі, 2007 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысының 2-тармағы негізінде және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жеке тұлғаларға көрсетілетін «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Аудан әкімінің құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі (Галиаскарова А.В.) осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      З. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.В. Кислинаға жүктелсін.
      4. 0сы қаулы алғашқы арнайы жарияланған күнінен бастап он күн күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков

Айыртау ауданы
әкімдігінің 2008 жылғы
25 маусымдағы № 166
қаулысымен бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу»

1. Жалпы ережелер

      1. Тиісті стандарт мемлекеттік. қызмет көрсетудің мынадай тәртібін тағайындайды: мектепке дейінгі балалар мекемесіне мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: ішінара автоматтандырылған.
      3. Аталмыш мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 27 шілдедегі № 319-111 «Білім туралы» Заңының 6-бабының 4-тармағының 4 тармақшасының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді, мекенжайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, шағын аудан, № 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық пошта:аsеl55@уапdех.rи.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде тұтынушы мектеп жасына дейінгі балалар мекемесіне жолдама алады.
      6. Мемлекеттік қызмет 7 жасқа дейінгі бал ал ары бар жеке тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде уақыттың шектелу мерзімі:
      1) азаматтардан өтініш түскеннен кейін 10 күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілуі тиіс;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің барынша көп көрсеткіші 40 минуттан артық емес;
      3) Құжаттарды алу кезінде кезек күтудің барынша көп уақыты 10 минуттан артық емес.
      8. Аталмыш мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бұл стандарты «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ақпараттық стендінде орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет, сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, алдын ала жазылусыз.
      11. Құжаттарды қабылдау ғимараттың екінші қабатында, негізгі және аппаттық есігі, күту залы, құжаттарды толтыру үлгілері бар ақпараттық стенді бар бөлмеде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) тиісті тұлғаның белгіленген үлгіден өтініші;
      2) баланың денсаулығы жөніндегі анықтамасы;
      3) ту у туралы куәлік.
      13. Өтініш бланкін «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін қажетті құжаттар
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыспен қамту бөлімінің бас маманына тапсырылады, мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, шағын аудан, № 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық пошта: аsеl55@уапdех.rи. Елді мекендердің тұрғындары селолық округтар әкімінің аппаратына тапсырады.
      15.Барлық қажетті құжаттарды тапсырған қызметті тұтынушы тіркеу журналына тіркеледі және құжаттарды тіркеу нөмірі мен қабылдау күні көрсетіліп, бас маманның қолы қойылған ажыратылмалы талон алады.
      16. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесіне жолдама жөніндегі анықтаманы беруді тағайындау немесе бас тарту туралы хабарламаны алу жүзеге асырылады: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, шағын аудан, № 20 үй мекен жайындағы.
      17. Аталмыш мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартуға негіз болады:
      1) құжаттардың толық тізбесінің ұсынылмауы;
      2) көрсеткен құжаттары сәйкес келмесе.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Аталмыш қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты мемлекеттік орган басшылыққа алатын жұмыстың негізді қағидаттары сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік орган басшылыққа алатын жұмыстың негізгі қағидаттары сыпайлық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері Үлгі стандартқа қосымша сәйкес сапасының және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсететін сапасын және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Өкілетті лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мына мекен-жайлар бойынша алуға болады:
      1) 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, мөлтік аудан, 20 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, телефон (871533)27461, электрондық пошта: аsеl55@уапdех.rи.
      Келушілерді қабылдау: сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін;
      2) 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов, 44 үй, «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, телефон (871533)22648, электрондық пошта: аіrtау-акіmаt@sко.кz.
      Келушілерді қабылдау: сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін;
      3) 150011, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Конститутция көшесі, 58 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы білім
департаментінің» мемлекеттік мекемесі, телефон (87152)463432,
электрондық пошта: obldosko@mail.kz.
      Келушілерді қабылдау: сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Шағымдарды қабылдау: күн сайын сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін.
      22. Шағым беріледі:
      1) «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының атына, телефон (871533)27461, электрондық пошта: аsеl55@уапdех.rи.
      2) «Солтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің» мемлекеттік мекемесінің бастығының атына, телефон (8 715 2) 463432, электрондық пошта: obldosko@mail.kz.
      3) Аудан әкімінің атына, мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов, 44 үй, «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, телефон (8 715 33) 22648, электрондық пошта: аіrtау-акіmаt@sко.кz.
      23. Қабылданған арыз азаматтар өтініші есебі жүретін журналға
тіркеледі. Арыздар заңда белгіленген мерзімдер аралығында қаралады. Арыз берушіге қорытындысы жазбаша түрде пошта арқылы немесе өзінің
қатысуында хабарланады.

6. Байланыс ақпарат

      24. 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, мөлтік аудан, 20 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, телефон (871533)27461, электрондық пошта: аsеl55@уапdех.rи.
      Жүмыс кестесі: сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін;
      Бөлім бастығының келушілерді қабылдау кестесі:(сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, телефон (871533)27461 (қабылдау бөлмесі).
      25. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, заңды мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Шоқан Уәлиханов атындағы көшесі, 44, қабылдау бөлмесінің телефоны (871533)21102, 22648 (жалпы бөлім), электронды пошта мекен-жайы: аіrtау-акіmаt@sко.кz.

«Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне
жіберу үшін мектепке дейінгі
(7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
қосымша

Кесте. Сапа мен қолжетімділіктің көрсеткіштерінің белгілері

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

көрсеткіштің
нормативтік
мәні

көрсеткіш-тің
келесі
жылдағы
нысаналы
мәні

көрсеткіштің
есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) 2.1 қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

2.2. Лауазымды тұлға мен дұрыс ресімделген құжаттардың оқиғаларымен % (үлесі) (жүргізілген аударымдар, есептер және т.б.)

100%

100%

100%

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі туралы
сапамен және ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

3.2. Тұтынушымен дұрыс толтырылған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

100%

100%

100%

3.3. Ақпаратты Интернет арқылы қолжетімді қызмет көрсетудің % (үлесі)

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызмет көрсетудің аталмыш түрі бойынша қызмет көрсетілген тұрғындардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0

0

0

4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

0

0

0

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

0

0

0

4.4. Шағымданудың мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

0

0

0

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлер-
дің сыпайлығымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады