"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жеке тұлғаларға көрсетілетін "Зейнеткерлік тұлғаларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсімдеу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 169 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 тамызда N 13-3-74 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамызда N 197 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысының 2-тармағы негізінде және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату мақсатында аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Зейнеткерлік қорларға, ИМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсімдеу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Аудан әкімінің құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі (А.В.Галиасқарова) осы қаулының Айыртау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.В.Кислинаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш арнайы жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Айнабеков

Айыртау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
№ 169 қаулысымен бекітілген

«Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсімдеу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт зейнеткерлік қорларға, ИМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсімдеу үшін анықтама беруді анықтайды.
      2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 24-бабы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 114-бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Нәрестенің құқығы туралы» Заңының 13-бабының 3-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен іске асырылады; мекен- жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, мөлтек ауданы, 20 үй. телефон (871533)27461, электрондық мекені аsel55@yandex.ru.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) зейнеткерлік қорларға, ИМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға ұ рәсімдеу үшін анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет келесі тұлғалармен көрсетіледі:
      1) 18 жасқа дейінгі балалары бар Қазақстан Республикасының азаматтары;
      2) 18 жасқа дейінгі балалары бар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар оралмандар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар;
      3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қорғаншысы және қамқоршысы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетілу келесі мерзімдерде ұсынылады:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап) электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері- 15 күннен аспауы тиіс;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан аспауы тиіс;
      3) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан аспауы тиіс.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы және қажетті құжаттар туралы, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат арнайы,жергілікті ақпарат көздерінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінде орналасқан стендтерінде орналасады, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, мөлтек ауданы, 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық мекені аsel55@yandex.ru.
      10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазбасыз және жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті ұсынудың жағдай орындары - күту, кұжаттарды толтыру және қажетті құжаттар тізбесі қойылған стендтерімен және оларды толтыру үлгілерімен, нормалық құқықтық актілер (үзінділерімен) қамтамасыз етілген залы.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар:
      1) жеке тұлғаның өтініші;
      2) жеке бастың куәлік кұжаты (көшірмесі);
      3) нәрестенің туу туралы куәлігі (көшірмесі);
      4) заң бойынша мұра құқығы туралы куәлік немесе нәресте мүлігінің жеке меншігін немесе оның үлесін растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үй алаңына құжат (көшірмесі);
      6) 10 жастағы және одан үлкен жастағы нәрестенің келісімі.
      13. Барлық қажетті өтініш бланктері «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлімінің маманында болады, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, мөлтек ауданы, 20 үй. телефон (871533)27461,электрондық мекені аsel55@yandex.ru.
      14. Толтырылған құжаттар «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, мөлтек ауданы, 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық мекені аsel55@yandex.ru.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң, мемлекеттік қызметті тұтынушыға қабылдау күні және орындалу мерзімі, өтініш қабылдаған маманның фамилиясы аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      16. Қызмет корсету тәсілі - жеке бару.
      17. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:
      1) өтініш берушінің осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарды толық бермеуі;
      2) берілген құжаттардың сәйкессіздігі.

3. Жұмыс қағидалары

      18. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік парызын орындаудағы заңдылыққа, мемлекеттік қызметкерлер ар-намыс Кодексіне негізделген және сыпайылық көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидасымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет корсету нәтижелері Үлгі стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызмет ұсыну жұмыс сапасы бойынша шағымдар болған жағдайда «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мамандарының іс-әрекетіне шағымдар: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығының, аудан әкімінің, Солтүстік Қазақстан облысы білім басшысының атына беріледі, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, мөлтек ауданы, 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық мекені аsel55@yandex.ru.
      Келушілерді қабылдау: күн сайын сенбі, жексенбі күндерінен басқа, сағат 9-00 ден 18-00 ге дейін, үзіліс сағат 13-00 ден 14-00-ге дейін.
      Аудан әкімі, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Уалиханов көшесі, 44, телефон (871533)21102, электрондық мекені: аіrtау-акіmаt@sко.кz.
      Келушілерді қабылдау: күн сайын сенбі, жексенбі күндерінен басқа, сағат 9-00 ден 18-00 ге дейін, үзіліс сағат 13-00 ден 14-00-ге дейін «Солтүстік Қазақстан облысы білім департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы, мекен-жайы: 150011 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, телефон (87152)463432, электрондық мекені: оbldosko@mail.kz;
      22. Шағымдар пошта бойынша немесе жұмыс күндері қолма қол қабылдау бөлмесі арқылы жазбаша түрде қабылданады:
      1) «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына, заңды мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкол селосы, мөлтек ауданы, 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық мекені аsel55@yandex.ru.
      Жоғарыда көрсетілген мекемелер:
      2) «Солтүстік Қазақстан облысы білім Департаменте) мемлекеттік мекемесі, заңды мекен-жайы: 150011 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, телефон (87152)463432, электрондық мекені:оbldosko@mail.kz;
      3) «Айыртау ауданы әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкол селосы, Уалиханов көшесі, 44, телефон (871533)21102, электрондық мекені: аіrtау-акіmаt@sко.кz.
      Таласты сұрақтар азаматтық соттық іс жүргізу тәртібімен реттеледі.
      23. Шағымдар азаматтардың өтінішін есепке алу журналында тіркелінеді. Шағымдар заңда көрсетілген мерзімдерде қаралады, нәтижесі туралы өтініш берушіге почта бойынша немесе жеке бару кезінде жазбаша түрде хабардар етіледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет корсету үшін жауапты мамандардың мекен-жайы:
      «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, заңды мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкол селосы, мөлтек ауданы, 20 үй, телефон (871533)27481, электрондық мекені аsel55@yandex.ru.
      Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазбасыз және жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
      «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, мөлтек ауданы,20 үй, телефон (871533)27156, электрондық мекені аsel55@yandex.ru.
      Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жүмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазбасыз және жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
      25. Мекен-жайы: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, қабылдау бөлмесінің телефоны 8(71533) 21102, электронды мекен-жайы: аіrtау-акіmаt@sко.кz.

«Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол
полициясы комитетінің аумақтық
бөлімшелеріне кәмелетке толмаған
балаларға мұраны рәсімдеу
анықтама беру» мемлекеттік қызмет
көрсетудің үлгі стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа мен қол жетімділіктің көрсеткіштері

Көрсеткіш-
тің норматив-
тік
маңызы

Келесі жылдағы көрсеткіш-
тің
мақсаттық
маңызы

Есептік
жылдағы
көрсеткіш-
тің
ағымдық маңызы

1. Уақыттылығы

1.1. Құжатты тапсырған
сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну оқиғасының % (үлесі)

100

100

100

1.2. Қызмет көрсетуді алу үшін кезекте 40 минуттан артық емес күткен тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

2.2. Лауазымды тұлғамен дұрыс ресімделген құжаттардың оқиғаларының % (үлесі) (жүргізілген аударымдар, есептер және т.б.)

100

100

100

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі туралы сапамен және ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

3.2. Тұтынушымен дұрыс

100

100

100

толтырылған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)




3.3. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді қызмет көрсетудің % (үлесі)

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызмет көрсетудің аталмыш түрі бойынша қызмет көрсетілген тұрғындардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0

0

0

4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

0

0

0

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

0

0

0

4.4. Шағымданудың мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

0

0

0

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады