"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жеке тұлғаларға көрсетілетін "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететін азаматтарды кезекке және есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 236 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 3 қыркүйекте N 13-3-81 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы N 197 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жеке тұлғаларға көрсетілетін «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететін азаматтарды кезекке және есепке қою» мемлекеттік қызмет корсету стандарты бекітілсін.
      2. Аудан әкімінің құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі (Галиаскарова А.В.) осы қаулының Айыртау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков

Айыртау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
№ 236 қаулысымен бекітілген

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететін азаматтарды кезекке және есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер.

      1. Осы мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететін азаматтарды кезекке және есепке қою тәртібін анықтайды (әрі қарай - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 7172-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 02 қыркүйектегі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді эксплуатациялау және жалдау, ұсыну тәртібі туралы» № 1292 қаулысы негізінде жүзеге асырады.
      4. Осы мемлекеттік қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, заңды мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон: 8 (71533) 22969.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететін азаматтарды кезекке және есепке қою болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы елді мекендерінде тұрақта тұрып жатқан тұрғын үйді қажет етуші және әлеуметтік қорғауда аз қамтылған тұрғындарға, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымындағы тұлғаға (әрі қарай - өтініш беруші) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімде көрсетіледі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін: 30 күн;
      2) қажет құжаттарды қалыптасқан электронды сұрауға тапсырғанда ең көп берілген күту уақыты: 40 минут;
      3) құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпараттық көздерінде корсету стандарты, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде орналасқан стенділерінде көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызмет дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00.-ден 18.00.-дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00-дейін көрсетіледі.
      Қабылдау кезекпен, алдын ала жазылусыз және тез қызмет көрсетіледі.
      11. Осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимараттың екінші қабатында орналасқан, күту залы, құжаттарды толтыру үшін орындар, қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру үлгілері жабдықталған, мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон: 8 (71533) 22969.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) есепке қою туралы өтініші;
      2) құжат тапсырушы азаматтың жанұя мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері, неке туралы куәлігі (неке бұзу туралы, қайтыс болу туралы), кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, қажет болған жағдайда өтініш беруші жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жанұя мүшелерінің басқа тұлғаларын тану туралы анықтама;
      4) өтініш берушіде, жанұя мүшелерінде тұрғын үйде жеке меншік құқығының болмауы туралы анықтама;
      5) әлеуметтік органдардан өтініш берушінің (жанұяның) әлеуметтік қорғаушылық азаматтардың қатарына жататынын растайтын анықтама немесе мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйымның қызметкерінің, әскери қызметкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтама;
      6) қажет болған жағдайда денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінің жанұяда ауыр науқаспен зардап шегетіні туралы қосымша тұрғын бөлмеге құқығын ұсынатын анықтама.
      13. Керекті өтініштің бланктері «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманымен беріледі, заңды мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон: 8 (71533) 22969.
      14. Толтырылған өтініштер «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, заңды
мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон: 8 (71533) 22969.
      15. Құжаттарды тапсырған тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсырғаннан соң өтінішті қабылдаған маманның аты-жөні, қабылдаған мерзімі көрсетілген талон беріледі.
      16. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қамтамасыз ететін азаматтарды кезекке және есепке қою туралы анықтама жеке куәлігін ұсынуымен жеке келуімен жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынуды тоқтатудың негізі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту төмендегідей болып табылады:
      1) құжаттар пакетін жеткіліксіз ұсыну;
      2) өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі.
      «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі үш жұмыс күні кезеңінде өтініш берушіге қайтарып беру себебін көрсетіп жазбаша түрде жауап береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтаумен, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрумен, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат берумен, белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сыпайы және әдепті болу қағидаларымен негізделеді.

4. Жүмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы
стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құралған жұмыс
топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсетуде лауазымды адамдардың әрекетіне шағымдану жазбаша немесе пошта арқылы, қолма-қол үндеу арқылы тапсырылады:
      «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына, заңды мекен-жайы: 150100,
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон: 8 (71533) 22969;
      Айыртау ауданының әкіміне, заңды мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі,44, телефон: 8 (71533) 21102 (қабылдау бөлмесі); 8 (71533) 22648 (жалпы бөлімі), электрондық мекен-жайы: airtay-akimat@mail.kz.
      22. Арыз «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша беріледі;
      Айыртау ауданының әкіміне жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша беріледі.
      23. Қабылданған шағым жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі және белгіленген Заңнамалық мерзімде қаралады.
      Өтінішті қабылдаған мемлекеттік органның телефоны арқылы шағымның қаралу нәтижесін білуге болады.
      Шағым қаралуының қорытындысы туралы жазбаша түрде пошта арқылы немесе жеке қабылдауда болған кезде хабарланады.
      Талас сұрақтар азаматтық сот жүргізу тәртібімен жүргізіледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. Мемлекеттік қызмет көрсететін «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон: 8(71533) 22969.
      25. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон:8 (71533) 21102,22648, электрондық пошта мекен-жайы: airtay-akimat@mail.kz.

«Мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрғын үйді қажет
ететін азаматтарды кезекке
және есепке қою» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа мен қол жетімділіктің көрсеткіштері

Көрсеткіш-
тің норматив-
тік маңызы

Келесі жылы көрсеткіш-
тің мақсаттық маңызы

Есептік жылы көрсеткіштің ағымдық маңызы

1. Уақыттылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) Қызмет көрсетуді алу үшін кезекте 40 минуттан артық емес күткен тұтынушылардың % (үлесі)

100


100


100


2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлғамен дұрыс ресімделген жағдайдың % (үлесі)
(жүргізілген төлемдер, есеп айырысклар)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

3.2. Тұтынушымен дұрыс толтырылған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80

85

90

3.3. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді қызмет көрсетудің % (үлесі)

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызмет көрсетудің аталмыш түрі бойынша қызмет көрсетілген тұрғындардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0

0

0

4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100

100

100

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

4.4. Шағымданудың мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлер-
дің сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады