Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігінің 2009.10.16 N 250 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы қарашадағы № 107 «Әкімдіктің әс жосықтары туралы» Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы», № 561 «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Әділет басқармасына тіркеу үшін жіберілсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2008 жылдың 28 наурызындағы
№ 76 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
1. Осы мемлекеттік қызмет қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
Ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321 «Неке және отбасы туралы» Заңының 100-108 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармақ 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталандырылған есепке алуды үйымдастыру ережесін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Осы мемлекеттік қызметі Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті қөрсетуді аяқтау нысаны болып қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін: он күннен көп емес мерзімде көрсетіледі;
2) қажет құжаттарды қалыптасқан электронды сұрауға тапсырғанда ең көп берілген күту уақыты: отыз минөттан көп емес;
3) құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: отыз минөттан көп емес;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы ақпарат ресми ақпараттық көздерінде көрсету стандарты Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит
Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ғимаратының залындағы тақтада орналасқан.
10. Мемлекеттік қызмет дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат13.00-ден 14.00-дейін көрсетіледі. Қабылдау кезекпен, алдынала жазылусыз және тез қызмет көрсетіледі.
11. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3 қабатта ұсынылады. Құжаттарды даярлау үшін ақпараттық тақталар, күту залында орындықтар, үстелдер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
12. Қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама алу үшін ұсынылады:
қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат көшірмесі, қорған туралы сот шешімі, екі жақтық патронат шарты;
өтініш берушінің жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
баланың жеке басын куәландыратын құжаттар – туу туралы куәлік түпнұсқасы мен көшірмесі, жеке куәлік түпнұсқасы мен көшірмесі;
«Кәмелетке толмаған балаларды қорғаншылық пен қамқоршылыққа алу туралы» аудан әкімдік қаулысының көшірмесі;
мекен-жайынан анықтама.
13. Керекті өтініштің бланктері Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесіндегі маманда сақталады.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажет құжаттар Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманына тапсырылады, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 2-ші бөлме.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсырғанын растайтын орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Анықтама беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды. Анықтама жеке барғанда береді.
17. Осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.
Білім бөлімі бас тарту себебін алған соң өтініш берушіге оларды алған соң бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және бас тарту себептерін жазбаша негіздері беріледі.
18. Білім бөлімінің қызметі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
2. сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
3. көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
4. белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
5. сыпайы және әдепті болу қағидаларына негіздемелері.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Мемлекеттік қызметті көрсетуде лауазымды адамдардың әрекетіне шағымдану Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына тапсырылады, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1, № 3 кабинет, телефон: 22-3-78, 22-3-33, электронды пошта: gm.roo @ mail.ru
«Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Новоишимское селосы, Абылай хан көшесі 28;
«Солтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 58;
«Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 60.
22. Шағымды жазбаша түрде пошта арқылы немесе өзінің келуімен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің маманы қабылдайды, мекен-жайы:
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1, 5 кабинет, телефон: 22-3-78, 22-3-33, электронды пошта: gm.roo @ mail.ru жоғары тұрған ұйымдар.
23. Қабылданған шағым белгіленген Заңнамалық мерзімде азаматтардың үндеулерін тіркейтін журналға тіркеледі.
Өтініш берушіге арыздың қаралуының қорытындысы туралы жазбаша хабарланады.
24. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің байланыс деректері, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, электронды пошта: gm.roo @ mail.ru
Мекеменің бастығы: телефон 22-3-78, № 1 кабинеті;
Бастықтың орынбасары: телефон 22-3-33, № 5 кабинеті;
«Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Новоишим селосы, Абылай хан көшесі 28;
«Солтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 58;
«Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 60.
25. Қосымша ақпарат алу Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөліміне хабарласу керек. Мына мекен-жайы бойынша: Новоишим селосы, Мектеп көшесі 19.
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсет- |
Көрсеткіш- |
Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды |
85 |
65 |
53 |
1.2. қызмет алуды |
85 |
55 |
47 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну |
85 |
80 |
73 |
2.2. құжаттарды |
95 |
85 |
80 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну |
95 |
85 |
80 |
3.2. тұтынушы құжаттарды |
95 |
85 |
80 |
3.3. интернет арқылы қол |
0 |
0 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі |
5 |
15 |
20 |
4.2. белгіленген |
85 |
45 |
33 |
4.3. шағымданудың |
- |
- |
67 |
4.4. шағымдану мерзіміне |
- |
- |
67 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің |
95 |
85 |
80 |