"Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға тұрақты жұмыс орнына келген дәрігерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 319 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 1 желтоқсанда N 13-5-85 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға тұрақты жұмыс орнына келген жоғарғы медициналық білімі бар дәрігерлерге 200 000 (екі жүз мың) теңгеден, 451-007-000 бағдарлама бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Бір жолғы әлеуметтік көмекті алу үшін дәрігерлер "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекттік мекемесіне (одан әрі - өкілетті орган) тұрғылықты жері бойынша келесі құжаттарды тапсырады:

      1) бекітілген түрдегі өтініш;

      2) жеке бас құжатының көшірмесі;

      3) білімі туралы құжатының көшірмесі;

      4) келісім-шарттың көшірмесі;

      5) медициналық жоғары оқу орындарын бітірушілер үшін жолдаманың көшірмесі;

      6) жұмыс орнынан анықтама;

      7) тұратын жерінен анықтама.

      Бір жолғы әлеуметтік көмекті алу үшін керекті құжаттар түпнұсқасында және көшірмесі түрінде салыстыру үшін тапсырылады, соңында түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Өкілетті органның қызметшілері құжаттардың көшірмелерін бекітеді, тіркеу журналына өтінішті қосылған құжаттармен тіркейді.

      Өкілетті орган іс қағазын қалыптастырады және біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Әлеуметтік көмек бір рет, басқа көмектерге қарамай, тағайындалады.

      Өкілетті орган бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін ведомость-тізімді 2 данада қалыптастырады.

      Бір жолғы әлеуметтік көмектің төленуі Қазақстан Республикасы Халық Банкісінің лицензиясы бар екінші дәрежедегі банк бөлімшелері, Қазақстан Республикасы қаржы рыногын қадағалау және реттеу Агентствосының лицензиясы бар Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық пошта байланыс торабы "Қазпошта" акционерлік қоғамы және қаржы ұйымдарының азаматтардың жеке шотына аудару арқылы жүргізіледі.

      Екінші дәрежедегі банктер немесе Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық пошта байланыс торабы "Қазпошта" акционерлік қоғам шарт негізінде алушылардың жеке шотына аударылады.

      Біржолғы әлеуметтік көмек "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке дәрежедегі қажет ететін азаматтарға" 451-007-000 бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізіледі.

      3. "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 451-007-000 бағдарламасы бойынша бюджетпен бекітілген қаржы бөлу мөлшерінде әлеуметтік қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Тасмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады