Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012.08.29 N 02.04.05-05-11/531 хаты)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылғы 16 мамырдағы «Есіл-Таңы», «Ишим» газеттерінің № 20(90), 20(8373) нөмірлерінде жарияланған және нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 29 сәуірдегі № 13-6-89 болып тіркелген, «2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізімін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 19 сәуірдегі № 35 қаулысына толықтырулар енгізілсін:
қаулы қосымшасының 3-тармағы келесі мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
14) дыбыс режиссеры
15) музыкалық жетекші
16) аккомпаниатор
17) әнші
18) қоюшы-режиссер
19) режиссер
20) әртіс
21) хореограф
22) дирижер
23) кітапханашы
24) кружок басшысы
25) мәдениет ұйымдастырушысы
26) рухани оркестр басшысы
27) библиографшы
28) нұсқаушы
29) режиссер ассистенті
30) халық аспаптар басшысы
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан экімінің орынбасары М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.
З. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі В. Бубенко