2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар аулдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N 35 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 сәуірде N 13-6-89 тіркелді. Күші жойылды - Есіл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы N 186 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Есіл аудандық әкімдігінің 2009.08.10 N 186 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2-тармағына, 238-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізімі белгіленсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                      В. Бубенко

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 35 қаулысымен бекітілді

2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық)жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізімі

1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

      1) барлық мамандардың дәрігерлері;
      2) мейірбике;
      3) мұғалім;
      4) тәрбиеші;
      5) психолог;
      6) емдеу дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
      7) еңбек жөнінідегі нұсқаушы;
      8) әлеуметтік қызмет жөнінідегі маман;
      9( мәдениеттанушы.

2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) Қазыналық кәсіпорын мен мемлекеттік мекеменің жетекшісі және орынбасары (соның ішінде біріншісі), сонымен қоса мектепке дейінгі мекеме мен қазыналық кәсіпорынның жетекшісі мен орынбасары;
      2) мұғалім;
      3) әлеуметтанушы;
      4) психолог;
      5) оқытушы;
      6) тәрбиеші;
      7) тәрбиешінің көмекшісі;
      8) музыкалық жетекші;
      9) нұсқаушы;
      10) мәдени ұйымдастырушы;
      11) әдістемелік кабинеттің жетекшісі;
      12) әдіскер;
      13) шебер;
      14) аккомпаниатор;
      15) концертмейстер;
      16) үйірме жетекшісі;
      17) медбике;
      18) емдәм бикесі;
      19) кітапханашы;
      20) библиограф;
      21) тәлімгер;
      22) инспектор;
      23) зертханашы;
      24) кітапхананың, интернаттың, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті;
      25) дәрігер;
      26) сурдопедагог;
      27) тифлопедагог;
      28) көркемдік жетекші;
      29) балетмейстер;
      30) хормейстер;
      31) хореограф;
      32) жаттықтырушы;
      33) барлық суретшілер;
      34) оқу бөлімінің хатшысы;

3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) директор, жетекші, ұйым бастығы;
      2) бөлімше жетекшісі;
      3) директордың, жетекшілердің, бастықтың орынбасарлары;
      4) сектордың, бөлімнің, сақтау қорының меңгерушілері;
      5) сектор жетекшісі;
      6) суретші-көркемдеуші, суретші-реставратор, суретші-қоюшы;
      7) бейне-оператор;
      8) аға ғылыми қызметкері, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметші.
      9) мұрайжаларда бас сақтаушы, қорларды сақтаушы;
      10) экскурсовод;
      11) қараушы, мұражай қараушысы;
      12) сақтау жөнінідегі маман;
      13) әдіскер, аға әдіскер, жетекші әдіскер;
      14) дыбыс режиссеры
      15) музыкалық жетекші
      16) аккомпаниатор
      17) әнші
      18) қоюшы-режиссер
      19) режиссер
      20) әртіс
      21) хореограф
      22) дирижер
      23) кітапханашы
      24) кружок басшысы
      25) мәдениет ұйымдастырушысы
      26) рухани оркестр басшысы
      27) библиографшы
      28) нұсқаушы
      29) режиссер ассистенті
      30) халық аспаптар басшысы
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Есіл аудандық әкімдігінің 2008.09.05 N 217 Қаулысымен

4. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) жетекші, директор;
      2) директордың, оқу жөніндегі жетекшінің орынбасарлары;
      3) нұсқаушы, нұсқаушы-әдіскер;
      4) дәрігер;
      5) медициналық зертханашы;
      6) медбике;
      7) әдіскер;
      8) психолог;
      9) бас жаттықтырушы, жаттықтырушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады