Мал басы туралы мәліметті беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту жөнінде

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 3 маусыдағы N 213 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 шілдедегі N 13-7-88 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 264 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.11.02 N 264 Қаулысымен

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1 бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мал басы туралы мәлімет» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған үлгі стандарты бекітілсін.
      2. Селолық округтердің әкімдеріне осы қаулыны аппараттың қызметкерлерінің оқып білуін ұйымдастырсын және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат жетекшісіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Н. Биболаев

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы
3 маусымдағы № 213 қаулысымен
бекітілді

«Мал басы туралы мәлімет» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі Стандарты

1. Жалпы ереже

      1. Бұл үлгі стандарты мал басы туралы мәліметті беру       бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (ілгеріде – мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік қызметтің нысаны – жарым-жартылай автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 9-1 бабының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 1 қосымшасына сәйкес, заңды тұлғалардың орналасқан жері немесе жеке тұлғалардың мекен-жайы бойынша «Селолық округтердің әкім аппараттары» Мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі- мал басы туралы мәліметі бар анықтаманы беру.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (ілгеріде-тұтынушы).
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сауал берген, тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – 30 минут ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезден электрондық сауалды қалыптастыруға кезек күтуге рұқсат берілген ең ұз уақыт – 20-30 минут;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 10, 15 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы тәртібі туралы толық ақпарат аудан әкімінің www.zҺb.sko.kz веб-сайтында, селолық округтердің әкім аппараттарындағы ақпараттық стендтерде, сонымен қатар ресми ақпарат көздерінде жарияланады.
      10. Мемлекеттік қызмет аптасына бес рет, дүйсенбіден жұмаға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін ұсынылады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазымайды және жедел қызмет көрсетілмейді.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі жағдайлар жасалған:
      санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптарға жауап беретін күту залдары (столдар, орындықтар), өтініштерді, бланкілерді толтыру үлгілері бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басының куәлігі (төлқұжат);
      2) Селолық округтің аппаратымен берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің нысаны тұтынушының мекен-жайы бойынша селолық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен беріледі.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш және басқа да құжаттар селолық округі әкім аппаратының қызметкерлерімен осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекен жай бойынша тапсырылады.
      15. Қажетті барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға ұсынған құжаттарын растайтын талон алады, онда мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген немесе мал басы туралы мәлімет алу үшін 30 минут бойына тосады.
      16. Мемлекеттік қызметті алу нәтижесі жеке келуімен жүзеге асырылады. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі селолық округі әкім аппараты мамандарының осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекен- жайы бойынша беріледі.
      17. Мемлекеттік қызмет өтініш иесінің қажетті құжаттарын ұсынбаған жағдайда қабыл алынбайды.

3. Жұмыс принціпі

      18. Селолық округі әкім аппараты қызметкерлерінің қызметі адамның конституциялық құқығын, мемлекеттік міндетін орындау заңдылығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін сақтағанда және сыпайылық, жан-жақты толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық принциптерінде жүзеге асады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Осы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 2 қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мақсатты маңыздылығымен аппараттың жұмысы бағаланатын сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштері жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Әрекетке шағымдану (әрекетсіздікке) тәртібіне және шағым дайындауға көмек көрсету осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекен жай бойынша селолық округі әкім аппаратының мамандары түсіндіреді.
      22. Селолық округі әкім аппаратының мамандарына шағым селолық округі әкімінің атына осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекен - жай бойынша ұсынылады.
      Селолық округтің әкіміне шағым Жамбыл ауданы әкімінің атына «Жамбыл ауданының әкім аппараты» Мемлекеттік мекемесіне ұсынылады, мекен- жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 10, телефон 2-12-32, 2-12-33, е-maiI: zhambil-akimat@sko.kz
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат жазылған шағымға жауап алатын орны мен мерзімі көрсетілген, тіркеу журналында тіркелген қабылданған өтініш туралы талон болып табылады. Шағымның қарастырылу барысы туралы осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген телефондары арқылы білуге болады.
      24. Селолық округтердің әкімдері: қабылдау күндері - сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 9.00-дан 18.00-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс, осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекен жай бойынша жүзеге асырылады.
      25. Тұтынушыға басқа да пайдалы ақпараттар ауданның www.zҺb.sko.kz сайтында орналасқан.

«Мал басы туралы мәлімет» бойынша
мемлекеттік қызметтің стандартына
1 қосымша

р/№

Мемлекеттік органның атауы

Заңды толық мекен-жайы

Байланыс телефоны

-1-

-2-

-3-

-4-

1.

«Архангелка селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150601
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Архангелка селосы

3-45-38

2.

«Баянауыл селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150602
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Баян селосы

3-54-28

3.

«Благовещенка селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150603
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Благовещенка селосы
Мир көшесі 1

3-12-33

4.

«Жамбыл селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150606
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Жамбыл селосы

3-18-21

5.

«Железный селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150608
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Железное селосы

2-37-36

6.

«Казанка селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150609
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Казанка селосы

2-59-36

2-56-36

7.

«Қайранкөл  селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150610
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Қайранкөл селосы

2-41-10

2-43-40

8.

«Кладбинка селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150611
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Кладбинка селосы

2-55-38

9.

«Майбалық  селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150618
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Майбалық селосы

3-34-73

3-34-74

10.

«Мирный  селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150613
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Мирный селосы

2-51-36

2-54-48

11.

«Новорыбинка селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150614
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Новорыбинка селосы

2-50-36

2-53-36

12.

«Озерный  селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150615
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Озерное селосы

3-31-33

13.

«Пресноредут  селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150617
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Пресноредут селосы

3-33-81

2-33-48

14.

«Первомай селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150604
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Буденное селосы

2-34-61

15.

«Преснов  селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150600
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Пресновка селосы

2-15-80

2-13-36

16.

«Троицкий селолық округі әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі

Индекс 150619
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Троицкий селосы

3-47-30

«Мал басы туралы мәлімет» бойынша
мемлекеттік қызметтің стандартына
2 қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тердің норматив-
тік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіш-тердің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылындағы көрсеткіштер-
дің ағымдағы мағынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

98



1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

85



2. Сапа

2.1.қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

85



2.2.лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

99



3. Қол жеткізушілік

3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

88



3.2.тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

77



3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)

47



4. Шағымдану үрдісі

4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,4



4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

99



4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90



4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90



5. Сыпайылық

5.1.персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

89



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады