Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін жергілікті бюджет есебінен лауазымдық ақылардың және тарифтік ставкаларының жиырма бес пайызға көтерілуіне құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының лауазымдар тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 7 наурыздағы N 104 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 сәуірде N 13-9-72 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 26 ақпандағы N 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 26.02.2014 N 52 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 238-бабы 3-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2009.06.30 N 213 Қаулысымен
      1. Қосымшаға сәйкес ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін жергілікті бюджет есебінен лауазымдық окладтарының және тарифтік ставкаларының жиырма бес пайызға көтерілуіне құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының  лауазымдарының тізбесі анықталсын
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Қалиевке жүктелсін.
      3. Қаулы ресми жарияланғаннан он күн өткен соң күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                    Е.Айнабеков

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы № 104 қаулысына
қосымша

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін жергілікті бюджет есебінен лауазымдық окладтарының және тарифтік ставкаларының жиырма бес пайызға көтерілуіне құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары
      1.1. күту бойынша әлеуметтік қызметкер
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      2.1. мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басқарушысы;
      2.2. мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басқарушысының орынбасары
      2.3. мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басқарушысы
      2.4. барлық мамандық мұғалімдері, оның ішінде барлық типтегі және түрдегі интернаттық ұйымдар мамандары;
      2.5. әлеуметтік жұмыс бойынша маман;
      2.6. психолог;
      2.7. тәрбиелеуші;
      2.8. жетекші;
      2.9. лаборант;
      2.10. медбике;
      2.11. әдіскер;
      2.12. музыкалық жетекші;
      2.13. үйірме жетекшісі;
      2.14. тәрбиеші көмекшісі;
      2.15. кітапханашы;
      2.16. шебер;
      2.17. оқытушылар;
      2.18. инспектор;
      2.19. аудармашы;
      2.20. социолог;
      2.21. бухгалтер.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      3.6. кітапхана меңгерушісі;
      3.7. кітапханашы;
      3.8. мәдени ұйымдастырушы;
      3.9. дыбыс режиссері;
      3.10. музыкалық меңгеруші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады