Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 213 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 тамызда N 13-9-98 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 421 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2009.12.07 N 421 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 7 наурыздағы № 104 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін жергілікті бюджет есебінен лауазымдық ақылардың және тарифтік ставкаларының жиырма бес пайызға көтерілуіне құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының лауазымдар тізбесін анықтау туралы» қаулысына (мемлекеттік тізбеде 2008 жылы 18 сәуірде № 13-9-72 тіркелді, 2008 жылғы 29 тамызда «Вести» газетінің № 35 нөмірінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
      қаулының кіріспе бөлімінде «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
      2. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 441 «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындап, төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген (мемлекеттік тізбеде 2008 жылы 25 қаңтарда № 13-9-66 тіркелді, 2008 жылғы 30 мамырда «Вести» газетінің № 22 нөмірінде жарияланды) «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындап, төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
      1 - «Жалпы ережелер» бөлімінің 3-тарауында «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған мерзімнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                А. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады