Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім, мәдениет әлеуметтік қамту, осы қызмет түрімен қалалық жағдайда айналысатын мамандармен салыстырғанда 2008 жылдық бюджет есебінде жиырма бес пайыздан кем емес лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын жоғарылатуға құқығы бар мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 қыркүйекте N 172. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 қазандағы N 13-10-72 тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 02-08-02-02/37)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 14.01.2013 N 02-08-02-02/37)

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2-тармағына, 238-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабы 2-тармағына сәйкес, әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім, мәдениет,әлеуметтік қамту, осы қызмет түрімен қалалық жағдайда айналысатын мамандармен салыстырғанда 2008 жылғы бюджет есебінде жиырма бес пайыздан кем емес лауазымдық айлық ақыларын және тарифтік ставкаларын жоғарылатуға құқығы бар мамандардың лауазымдар тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуы аудан әкімінің орынбасары Н.В. Вишневскаяға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Нұғыманов

Аудан әкімдігінің
25 қыркүйектегі 2008 жылғы
№ 172 Қаулысына қосымша

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім, мәдениет, әлеуметтік қамту, осы қызмет түрімен калалық жағдайда айналысатын мамандармен салыстырғанда 2008 жылғы бюджет есебінде жиырма бес пайыздан кем емес лауазымдық айлық ақыларын және тарифтік ставкаларын жоғарылатуға құқығы бар мамандардың лауазымдар тізбесі

      1.Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымы:
      1) күту бойынша әлеуметтік жұмысшы;
      2. Білім мамандарының лауазымы:
      1) жалпы білім беретін мектеп директоры;
      2) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
      3) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
      4) мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі;
      5) мектеп жанындағы интернат меңгерушісі;
      6) кітапхана меңгерушісі;
      7) барлық мамандық мұғалімдері;
      8) әлеуметтік педагог;
      9) педагог-психолог;
      10) аға вожатый;
      11) алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы оқытушы;
      12) қосымша білім беретін педагог;
      13) тәрбиеші;
      14) музыкалық жетекші;
      15) жүргізу жөніндегі нұсқаушы;
      16) өндірістік оқыту шебері;
      17) медициналық бибі;
      18) кітапханашы;
      3. Мәдениет мамандарының лауазымы:
      1) мәдени ұйымдастырушы;
      2) сүйемелдеуші;
      3) кітапханашы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады