"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен кәмелетке толмаған балалардың мүддесін қозғайтын мәміле үшін қамқоршы және қамқорлық жөніндегі кеңесінің шешімінің тұрғын үй иесі болатын анықтамасын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 17 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 наурызда N 13-11-101 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 342 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігінің 2009.09.21 N 342 Қаулысымен

      «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бір үлгідегі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі»  Мемлекеттік мекемесімен кәмелетке толмаған балалардың мүддесін қозғайтын мәміле үшін қамқоршы және қамқорлық жөніндегі кеңесінің шешімінің тұрғын үй иесі болатын анықтамасын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн мерзімі өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    А. Маковский

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
22 қантардағы № 17
каулысымен бекітілді

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен кәмелетке толмаған балалардың мүддесін қозғайтын мәміле үшін қамқоршы және қамқорлық жөніндегі кеңесінің шешімінің тұрғын үй иесі болатын анықтамасын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Жалпы ереже

      1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы:
      кәмелетке толмаған балалардың мүддесін қозғайтын мәміле үшін қамқоршы және қамқорлық жөніндегі кеңесінің шешімінің тұрғын үй иесі болатын анықтамасын беру
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
      3. Нормативтік құқықтық кесімнің атауы, бап (тармақ) және тармақтың мазмұны (заңнамалық кесім, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімі), олар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 23, 24-баптары.
      4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның атауы:
      Мемлекеттік мекеме: «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі»
      5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі):
      мәміле жасауға анықтама
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:
      Кәмелетке толмаған немесе оларды алмастыратын заңды өкілдері
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
      1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 15 күнге дейін
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты: 30 минутқа дейін
      3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты: 30 минутқа дейін
      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету:
      кәмелетке толмаған балалардың мүддесін қозғайтын мәміле үшін қамқоршы және қамқорлық жөніндегі кеңесінің шешімінің тұрғын үй иесі болатын анықтамасын беру тегін жүргізіледі
      9. Кәмелетке толмаған балалардың мүддесін қозғайтын мәміле үшін   қамқоршы және қамқорлық жөніндегі кеңесінің шешімінің тұрғын үй иесі болатын анықтамасын беру мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты  «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стендте орналасқан.
      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.
      11. Қызмет көрсетудің шарттары мен орындары: «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға жеңілдіктері бар тұлғалар үшін:
      1) ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің өтініші;
      2) кәмелетке толмаған баланың туу туралы куәлігі;
      3) кәмелетке толмаған баланың мүлікті шеттету туралы жазбаша келісімі;
      4) тұрғын үйдің меншік құқығын растайтын құжат
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалану үшін толтыруға қажетті бланктар беру орны (өтініш формалары және т.б.):
      Бланктар «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалануға қажетті толтырылған бланктар, қалыптар, арыздар және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайы:
      Қажетті құжаттардың толық пакетімен өтініш Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206 мекен-жайы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсыралады.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрі:
      Азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетулер нәтижесін жеткізу тәсілдері:
      Аңықтама поштамен жіберіледі немесе Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206 мекен-жайы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасу кезінде беріледі.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту ушін себеп болған негіздердің толық тізбесі:
      1) құжаттардың толық пакетін ұсынбау;
      2) ұсынылған құжаттардың сәйкес болмауы;
      3) кәмелетке толмаған балалардың мүдделеріне қайшылықтар

3. Жұмыс принціпі

      18. Мемлекеттік мекеменің жұмыс принціпі:
      Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:
      1) қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат алуға;
      2) әдеттілікке, жауапкершілік пен кәсібилікке;
      3) белгіленген үлгідегі өтінішті және оған қоса берілетін бланктарды тегін алуға;
      4) қабылданған шешімі туралы хабарлама алуға арқа сүйей алады, хабарлама беруден бас тартылған жағдайда оның себептері көрсетілетін болады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушідігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібі:
      Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы білім бөлімі бастығының кабинетінде іске асырылады.
      22. Шағым түскен мемлекеттік органның атауы:
      «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы.
      23. Қабылданылған арызды растайтын құжат. Үзінді талон.

6. Байланыс ақпарат

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның басшыларының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтері:
      «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі - Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206, электрондық пошта, мекен-жайы:
      trmk @ rambler.ru
      Мекеме бастығы, телефон 2-16-94, № 1 кабинет;
      Бастықтың орынбасары, телефон 22-0-75, № 2 кабинет;
      Солтүстік Қазақстан облысының білім Департаменті, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58.

Кәмелетке толмаған балалардың мүддесін
қозғайтын мәміле үшін қамқоршы және
қамқорлық жөніндегі кеңесінің шешімінің
тұрғын үй иесі болатын анықтамасын беру бойынша
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына
қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіштердің норматив-
тік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіш-
тердің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылдағы көрсеткіштердің ағымдағы магынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімге қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

100

100


1.2. Кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

100

100


2. Сапа

2.1. Қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


2.2. Лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс рәсімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

100


3. Қол жеткізушілік

3.1. Қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


3.2. Тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

100

100


3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)

100

100


4. Шағымдану үрдісі

4.1. Іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

100

100


4.2. Белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

100

100


4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


5. Сыпайылық

5.1. Персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады