"Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол плициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 190 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 шілдеде N 13-12-72 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашада N 217 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009.11.13 N 217 Қаулысымен

      «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын «Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол плициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарт бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                     Б. Жұмабеков

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
26 маусымдағы № 190 қаулысымен
бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол плициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру»

1. Жалпы ережелер

      1. Нақты мемлекеттік қызмет кәмелетке толмаған балалардың мұрасының құжаттарын ресімдеу үшін зейнетақы қорына,ішкі істер министрлігі жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшесіне анықтамаларды беруді анықтайды.(бұдан әрі - мемлекеттік қызмет)
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік кызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қорғаншылық пен қамқоршылық органдары туралы Ережесінің,Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 тамызындағы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңының 14 бабының, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 114-бабы58-бабы 3-тармағының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабы 3-тармағының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 222324 баптарының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.(бұдан әрі - «ББ» ММ).
      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі кәмелетке толмағандарға тиесілі мүлікке қатысты әрекеттерді жүзеге асыру үшін ішкі істер министрлігі жол полициясы Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне келісім-анықтамасын,зейнетақы жинағын алу үшін рұқсат-анықтамасын беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
      7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі:
      1) тұтынушының қажетті қүжаттарды тапсырған сәтінен бастап көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:он күннен көп емес;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекті күтудегі жіберілетін ең ұзақ уақыт: отыз минөттен көп емес;
      3) құжаттарды алу кезіндегікезекті күтудегі жіберілетін ең ұзақ уақыт:отыз мирөттен көп емес.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар  сонымен қатар оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат ақпараттық «ББ» ММ ақпараттық тағанында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбіден басқа,күнде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз іске асады.
      11. Мемлекеттік қызметтің көрсету орны: «ББ» ММ ғимаратының екінші қабатында мына мекен-жайы бойынша орналасқан: Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі,№ 7 үй.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Зейнетақы қорларына, ішкі істер министірлігі жол полициясы Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне анықтама алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      кәмелетке толмағанның мұрасын ресімдеуге  ата-анасының өтініші;
      өтініш берушінің жеке куәлігінің тұпнұсқасы мен көшірмесі;
      баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;
      неке қию туралы куәлігінің тұпнұсқасы мен көшірмесі;
      басқа да құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (некенің бұзылуы туралы куәлігі, қайтыс болу туралы, некелік қатынаста болмағанын растайтын құжат; баланың некесіз туылған жағдайдағы анықтамасы);
      заң бойынша мұраға құқығы бар туралы куәлігі (нотариуспен расталған);
      ішкі істер министрлігі жол полициясы Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне керек болған жағдайдағы,көлік құжаттарының (техтөлқұжаты) түпнұсқасы мен көшірмесі.
      13. Барлық қажетті өтініш бланкілері «ББ» ММ бас маманында болады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тұтынушыға  «ББ» ММ мамандарымен ұсынылады.
      15. Құжаттарды тапсырып болған соң тұтынушыға құжаттардың қабылданған күні және алатын күні көрсетілген талон беріледі.
      16. Анықтаманы беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды. Анықтама жеке бару арқылы беріледі.
      17. Осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үйін айырбастаған немесе сату нәтижесінде оның құқықтары мен мүддесінің бұзылған жағдайда білім бөлімі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы мүмкін.
      «ББ» ММ бас тарту жағдайда тұтынушыға жұмыс күні ішінде хабарлайды және бас тарту себептерінің жазбаша негіздерін береді.

3. Жұмыс принципі

      18. «ББ» ММ қызметі келесі қағидаларды сақтауда негізделеді:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты толық ұсыну белгіленген тәртіпте қабылданған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді;
      әдептілік пен сыпайылық.

4. Жұмыс нәтижесі

      19. Тұтынушыларға ұсынылған мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижелері сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді (қосымшаға сәйкес).
      20. Мемлекеттік қызметтің қол жетімділігі мен сапасының көрсеткіштері бойынша бағаланатын «ББ» ММ жұмыстары жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсетуді «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен жүргізіледі.
      22. Шағым беріледі:
      1) Тимирязев ауданының әкіміне – Тимирязев ауданы Тимирязево селосы Уәлиханов көшесі, 1 тел. 2-12-40;
      2) Тимирязев аудандық сотына – Тимирязев ауданы Тимирязев селосы Уәлиханов көшесі 9, тел. 2-05-81.
      23. Қабылданған шағым азаматтардың шағымын тіркеу журналына тіркеледі және қолданыстағы заңмен белгіленген мерзімдерде. Шағымның қаралу нәтижесі туралы жеке тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы жіберіледі немесе жеке тапсырылады.

6. Байланыс ақпарат

      24. «ББ» ММ бастығының байланыс деректері: Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, № 7 үй
      25. Өтініш берушіге басқа да қажетті ақпараттар:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы білім департаменті, мекен-жайы: Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58, телефон 46-34-32
      2) Тимирязев аудан әкімінің аппараты, мекен-жайы:Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, телефон 2-12-40

«Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол плициясы
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны
ресімдеу үшін анықтама беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тердің норматив-
тік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіштер-дің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылындағы көрсеткіштер-дің ағымдағы мағынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

95

85

75

1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

90

90

85

2. Сапа

2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

75

70

2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95

80

75

3. Қол жеткізушілік

3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

80

70

65

3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

90

80

75

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің % (үлесі)

50

45

40

4. Шағымдану үрдісі

4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,1

0,2

0,25

4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

95

90

85

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

85

70

65

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

70

65

5. Сыпайылық

5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

100

95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады