"Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 215 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 шілдеде N 13-12-74 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашада N 217 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009.11.13 N 217 Қаулысымен

      «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарт бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                     Б. Жұмабеков

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
22 шілдедегі № 215 қаулысымен
бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру»

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік қызмет тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 222324 баптары, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 58-бабы 3-тармағы, 114-бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 14-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы Ереже» негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет 151100 Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязево селосы Уәлиханов көшесі, 7 мекен-жайында орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі - «ББ» ММ).
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқтау нысаны ретінде тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтаманы беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
      7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі:
      1) тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: үш жұмыс күнінен көп емес;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге жіберілетін ең ұзақ уақыт: отыз минуттан көп емес;
      3) құжаттарды алу кезінде кезек күтуге жіберілетін ең ұзақ уақыт: отыз минуттан көп емес.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат аудандық «Нива» газетінде жарияланады, қажетті құжаттар, сонымен қатар оларды толтыру үлгілері туралы ақпарат Тимирязев ауданы Тимирязево селосы Уәлиханов көшесі, 7 мекен-жайы бойынша «ББ» ММ ғимаратында ақпараттық стендте орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету сенбі және жексенбіден басқа күндері күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз іске асады.
      11. Қызмет ұсыну орны: «ББ» ММ ғимаратының екінші қабаты, мекен-жайы: Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 7 үй.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қорғаншылық пен қамқоршылық кеңесінің шешіміне анықтама алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      кәмелетке толмаған баланың қорғаншысы, қамқоршысы, патронатты тәрбиешісі - өтініш берушінің белгіленген нысандағы өтініші;
      өтініш берушінің жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
      баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;
      13. Өтініш бланктері «ББ» ММ бас мамандарымен Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 7 үй мекен-жайында беріледі.
      14. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды тұтынушы «ББ» ММ мамандарына ұсынады.
      15. Құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға құжаттардың қабылданған күні және мемлекеттік қызмет көрсету күні көрсетілген талон беріледі.
      16. Анықтама беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды. Анықтама жеке бару арқылы беріледі.
      17. Осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үйді айырбастау немесе сату нәтижесінде оның құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
      Бас тартылған жағдайда «ББ» ММ тұтынушыны бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және бас тарту себептерінің жазбаша негіздерін береді.

3. Жұмыс қағидалары

      18. Тұтынушылармен жұмыс қатынасында «ББ» ММ келесі қағидаларды басшылыққа алады:
      1) әдептілік;
      2) кәсіпқойлық;
      3) шұғылдылық;
      4) ақпараттың түсінікті жеткізілуі;
      5) өтініш берушінің құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығы;
      6) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижесі

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді (қосымшаға сәйкес).
      20. «ББ» ММ жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсетуді «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен жүргізіледі.
      22. Шағым:
      1) Тимирязев ауданының әкіміне – Тимирязев ауданы Тимирязево селосы Уәлиханов көшесі, 1 тел. 2-12-40;
      2) Тимирязев аудандық сотына – Тимирязев ауданы Тимирязев селосы Уәлиханов көшесі 9, тел. 2-05-81.
      23. Қабылданған шағым азаматтардың шағымын тіркеу журналына тіркеледі және қолданыстағы заңмен белгіленген мерзімде қаралады,нәтижелері туралы өтініш берушіге пошта арқылы жазбаша немесе жеке қабылдауға тапсырылады.

6. Байланыс ақпарат

      24. «ББ» ММ бастығының байланыс деректері: Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 7 үй.
      25. Өтініш берушіге  басқа да қажетті ақпараттар:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы білім департаменті, мекен-жайы: Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58, телефоны 46-34-32
      2) Тимирязев ауданы әкімінің аппараты, мекенжайы: Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 1, телефон 2-12-40

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын
кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін
қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар
мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тердің норматив-
тік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіштер-дің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылындағы көрсеткіштер-дің ағымдағы мағынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

95

85

75

1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

90

90

85

2. Сапа

2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

75

70

2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95

80

75

3. Қол жеткізушілік

3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

80

70

65

3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

90

80

75

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің % (үлесі)

50

45

40

4. Шағымдану үрдісі

4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,1

0,2

0,25

4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

95

90

85

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

85

70

65

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

70

65

5. Сыпайылық

5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

100

95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады