Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2009.04.27 N 16-13с Шешімі
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 338-бабына сәйкес және аудан жерлерінің аумақтарын анықтау сызбасының негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1) Жер салығының базалық ставкасы бекітілсін:
2) Ауыл шаруашылығына арналған жерлерге – 50 %
3) Елді-мекендердің шегіндегі өнеркәсіп жерлеріне – 50 %
4) Кішкенекөл селосы аумағындағы инфроқұрылымдардың жерлеріне – 50 %
Елді мекендерде орныққан салық салынатын аумақтардың, тауар сатуға құқығы бар базарлар, автотұрақтар, жанар май құю станциялары үшін белгіленген жер салығының негізгі құны 10 есе арттырылсын.
2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 6-29с (2007 жылғы 6 ақпандағы тіркеу № 13-13-44) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы, аудандық
мәслихаттың хатшысы Ә. Бейсенбаев