Қазақстан Республикасының 2001 жығы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 және 37, 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17, 44-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскери шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы" қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. Шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеу бойынша қалалық комиссия құрылсын (қосымша 1);
2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (А. Жақияев, келісім бойынша) 2009 жылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында 1992 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ, бұрын тіркеуден өтпеген жасы келгендерді шақыру учаскелерінде тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
3. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына (М. Құлбасов, келісім бойынша):
1) тіркеу уақытында медициналық комиссия қызметіне қатыстырылатын дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерді негізгі жұмыс орнын, қызметін, орташа айлық жалақысын сақтай отырып, дәрігерлік комиссия құрамына бөлу (қосымша 2);
2) дәрігерлік комиссияны қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
3) тіркеуге жататын азаматтарды кестеге сәйкес № 1, 2, 3, 4емханаларда медициналық тексеруден өткізу және емханаларды қажетті мөлшердегі ренгенпленкалармен, химикаттармен қамтамасыз ету (қосымша 3);
4) 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 1992 жылы туған азаматтардың (Ф-25У) амбулаториялық картасы мен (Ф-25У-IV) салынатын беттерді беруді қамтамасыз етіп және өкпе ауруы, тері-қан тамыр және басқа да аурулар жөнінде есепте тұрғандардың тізімін беру;
5) әскерге шақыу кезеңінде стационарлық және амбулаториялық тексеру мен емдеу жүргізу үшін облыстық және қалалық аурухана, емханаларда қажетінше төсек орын бөлу;
6) тіркеу уақытында шақыру учаскелерінде тіркелушілер арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізіп, емдеуді қажет ететіндерге арналған сауықтыру жұмыстарын 2009 жылдың 1 маусымына дейін аяқтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Қалалық ішкі істер бөліміне (А. Айжігітов, келісім бойынша):
1) 1992 жылы туған жасөспірімдерді тіркеу кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді, қаланың барлық аумағында азаматтардың шақыру учаскелеріне келуін бақылауды жүзеге асыруды, тіркелуден жалтару әрекетінің алдын алу мақсатында өзара іс-қимыл көрсетуді ұйымдастыру;
2) қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға қылмыстық жауапкершілікке тартылған және тергеуде жүрген 1992 жылы туған азаматтардың тізімін беру ұсынылсын.
5. Қалалық білім бөлімі (С. Есенғалиев) барлық оқу орындары бойынша тіркеуге жататын азаматтардың тіркеуге дейін алдын-ала ЭКГ, анализдерден және флюрографиялық тексерулерден өтуін, әрбір азаматтың жеке ісіндегі құжаттарының толық болуын және азаматтардың тіркеуден кесте бойынша толық өтуін қадағаласын.
6. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Баязитова) қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді сапалы жүргізу үшін, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркеудегі жұмыссыздар есебінен техникалық қызметкерлер бөлуді қамтамасыз етсін.
7. Атырау қаласы әкімінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1700 "1991 жылғы туған Атырау қаласы азаматтарын 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы" шешімінің күші жойылсын.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевке жүктелсін.
Қала әкімі С. Нақпаев
Жобаны ұсынушы:
Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-
жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы С. Нсанбаев
Келісілді:
Қала әкімінің орынбасары А. Айтбаев
Қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиев
Қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиев
Қала әкімі аппаратының жетекшісі Н. Ожаев
Қалалық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы Ә. Сабыров
Қалалық қаржы бөлімінің бастығы Г. Тағанбаева
Қалалық білім бөлімінің бастығы С. Есенғалиев
6. Қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Баязитова
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бастығы К. Ермекова
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бас маманы Қ. Аюпова
Қосымша келісілді:
Атырау облыстық денсаулық сақтау
басқармасының бастығы М. Құлбасов
10 желтоқсан 2008 ж.
Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы А. Айжігітов
10 желтоқсан 2008 ж.
Қала әкімінің
2008 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 698 шешіміне 1 қосымша
Шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссия
Альберт Жүсіпұлы Жақияев - Атырау қалалық біріккен қорғаныс істер жөніндегі басқарманың бастығы, комиссия төрағасы;
Бақыт Сайынұлы Иманғалиев - қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Руслан Әділұлы Әділов – қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Гүлнар Хасанғалиқызы - дәрігер-терапевт, дәрігерлік Құлғалиева комиссия төрайымы;
Қалжан Төлеуқызы Дүйсалиева - мейірбике, комиссия хатшысы.
Қала әкімінің
2008 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 698 шешіміне 2 қосымша
Дәрігерлік комиссиясының құрамы
Гүлнар Хасанғалиқызы Құлғалиева - дәрігерлік комиссия төрайымы;
Айгүл Самарханқызы Маштоқова - дәрігер-нервопатолог
Бақтыгүл Ғаббасқызы Арыстанғалиева - дәрігер-дерматолог
Бақтылы Барақайқызы Саңазарова - дәрігер-кардиолог
Сара Ибатолллақызы Шекенова - дәрігер-терапевт
Жақсылық Әсемғалиұлы Әсемғалиев - дәрігер-хирург
Татьяна Ивановна Бимаганова - дәрігер-отолоринолог
Зульфина Іздағанқызы Есенғалиева - көз-дәрігері
Қайрат Темиртасұлы Сұлтанов - тіс дәрігері
Сембек Үмбетұлы Үмбетов - дәрігер-фтизиатр
Жұмазия Күпжанқызы Оразова - дәрігер-психиатр
Орта медицина қызметкерлері
Гүлнар Ерекешқызы Шагирова
Светлана Шакиқызы Сабирова
Тамара Шәріпқызы Дүйсебаева
Рауза Дәрменғалиқызы Тауашева
Калима Сабинқызы Жантемирова
Қалжан Төлеуқызы Дүйсалиева
Қала әкімінің
2008 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 698 шешіміне 3 қосымша
Тіркеуден өту кезеңінде стационарлық тексеру мен емдеу жүргізілетін облыстық және қалалық емханалардың ТІЗІМІ
1. Облыстық аурухана, диагностикалық-консультация орталығы
2. № 1 қалалық аурухана
3. № 2 қалалық аурухана
4. Облыстық біріккен туберкулез ауруханасы
5. Қалалық өкпе аурулары диспансері
6. Облыстық тері-венерологиялық диспансері
7. Облыстық психо-неврологиялық диспансері
8. № 1 қалалық емхана
9. № 2 қалалық емхана
10. № 3 қалалық емхана
11. № 4 қалалық емхана