Ескерту. Күші жойылды - Мақат ауданы Мақат поселке әкімінің 2010.11.01 № 142 шешімімен.
Мақат ауданының ономостикалық комиссиясының 2008 жылғы 16 сәуірдегі ұйғарымы негізінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы" туралы Заңының 14 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
1. Аудан орталығы Мақат поселкесінің "Мұнайшы" газеті редакциясының ғимаратынан бастап, Мақат желілік өндірістік басқармасына дейінгі аралықтағы көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Бекжанов Сәтқұлдың есімі берілсін.
2. Осы шешімнен туындайтын мәселелердің орындалуын қадағалауды поселке әкімінің орынбасары Н. Төлегеновке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Поселке әкімі Е. Қардаров