2009 жылға жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 131-ХІІІ шешімі. Құрманғазы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 ақпанда N 4-8-140 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 235-ХXV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2009.12.23 N 235-ХXV шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 2680 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 41-ІІІ "2009 жылға жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы” (аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 17 қаңтарда N 4-8-118 мемлекеттік тіркелген, 2008 жылы 2 ақпанда аудандық "Серпер" үнжариясының 5 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға
      (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.
      Аудандық Мәслихаттың ХІІ
сессиясының төрағасы
Б. Бекжанов
      Аудандық Мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев
      Келісілді:
      Н. Аленов - Аудан бойынша салық басқармасының бастығы

  Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 131-ХІІІ шешіміне қосымша

Жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері

N
Ойын бизнесі түрлері және салық салу объектілері
Тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері (АЕК) айына
Тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері (АЕК) жылына
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*6)
72 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*72)
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
9 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*9)
108 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*108)
3
Ойын өткізу үшін қолданылатын жеке компьютерлер үшін
2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*2)
24 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*24)
4
Боулинг (әрбір ойын жолы үшін)
30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*30)
360 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*360)
5
Әрбір карт (картинг үшін)
12 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*12)
144 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*144)
6
Бильярд (1 столға)
20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*20)
240 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*240)

      Ескертпе: айлық есептік көрсеткіш 2009 жылға қабылданған мемлекеттік бюджет заңына сәйкес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады