Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында жаңа ауылдар құру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі N 8/110-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 218 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 12 тамызда N 1990 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Мақтаарал ауданы Абай ауылдық округі аумағынан жаңадан ауыл құрылсын және оған Атажұрт атауы берілсін.

      2. Сарыағаш ауданы Ильич ауылдық округі аумағынан жаңадан ауыл құрылсын және оған Дастан атауы берілсін.

      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Сейітжанов

      Облыс әкімі                                Н.Әшімов

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ә.Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады