Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі N 8/111-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 217 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 12 тамызда N 1991 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Сарыағаш, Шардара аудандары, Түркістан қаласы мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
      Бәйдібек ауданы бойынша
      Көктерек ауылдық округінің Кеңесодақ ауылы - Ынтымақ ауылы болып;
      Қазығұрт ауданы бойынша
      Рабат ауылдық округінің Қазығұрт ауылы - Қыдыр Мәмбетұлы ауылы болып;
      Мақтаарал ауданы бойынша
      А.Қалыбеков ауылдық округінің 40 лет Октября ауылы - Төрткүл ауылы болып;
      А.Қалыбеков ауылдық округінің Прогресс ауылы - Тұран ауылы болып;
      А.Қалыбеков ауылдық округінің Победа ауылы - Атамұра ауылы болып;
      Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің Юбилейное ауылы - Өркен ауылы болып;
      Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің Қызылту ауылы - Ынталы ауылы болып;
      Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің Мақталы ауылы - Мырзатөбе ауылы болып;
      Отырар ауданы бойынша
      Қарақоңыр ауылдық округінің Ильич ауылы - Бестораңғыл ауылы болып;
      Отырар ауылдық округінің Коммунизм ауылы - Молыке Шойманов ауылы болып;
      Сарыағаш ауданы бойынша
      Ильич ауылдық округі - Құркелес ауылдық округі болып;
      Ильич ауылдық округінің ХХІІ партсъезд ауылы - Құркелес ауылы болып;
      Ильич ауылдық округінің Ильич ауылы - Ақниет ауылы болып;
      Ильич ауылдық округінің Карл Маркс ауылы - Еңкес ауылы болып;
      Ильич ауылдық округінің Қызыл Қазақстан ауылы - Жылысу ауылы болып;
      Ильич ауылдық округінің Мичурин ауылы - Нұрлыжол ауылы болып;
      Жібек жолы ауылдық округінің Қазақ ССР-інің 13 жылдығы ауылы - Қарабау ауылы болып;
      Жібек жолы ауылдық округінің Красный Водопад ауылы - Сарқырама ауылы болып;
      Жібек жолы ауылдық округінің Ворошилов ауылы - Зортөбе ауылы болып;
      Қабыланбек ауылдық округінің Целина ауылы - Тыңтөбе ауылы болып;
      Жүзімдік ауылдық округінің Канал ауылы - Ақсу ауылы болып;
      Бірлік ауылдық округінің Социализм ауылы - Қосөткел ауылы болып;
      Қошқарата ауылдық округінің Қызылту ауылы - Бәйтерек ауылы болып;
      Қошқарата ауылдық округінің Калинин ауылы - Бесауыл ауылы болып;
      Шардара ауданы бойынша
      Ақшеңгелді ауылдық округінің Қазақ ССР-інің 60 жылдығы ауылы - Егізқұм ауылы болып;
      Түркістан қаласы бойынша
      Қарашық ауылдық округінің Қызылшаруа ауылы - Қаратөбе ауылы болып;
      Шорнақ ауылдық округінің Қызыләскер ауылы - Қосмезгіл ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Сейітжанов

      Облыс әкімі                                Н.Әшімов

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ә.Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады