Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы
Жер Кодексінің 11 бабы
1 тармағына
сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШТІ:
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы
N 11/127-II
шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 326 нөмірмен тіркелген, 2001 жылғы 2 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы
N 5/79-IV
"Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1976 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 17 сәуірде N 58 "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған шешімімен өзгеріс енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы:
"Арыс қаласы бойынша" бөлімі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы:
"Арыс қаласы үшін" бөлімі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Түркістан қаласы үшін" орыс тіліндегі бөлімінің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі тақырып өзгертілмейді.
2.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Н.Құрманбеков
Облыстық мәслихаттың хатшысы Ә.Досболов
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының
2008 жылғы 12 желтоқсандағы
N 12/163-IV шешіміне
1 қосымша
Арыс қаласы бойынша:
N 1-аймақ: Орталық базар маңында, Салықбаев, Майлықожа, Қазыбек би көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
N 2-аймақ: Төлеби, Салықбаев, Қазыбек би, Әділбек би, Тәжібаев көшелерінде және Қабылсай жырасына дейін орналасқан жер учаскелері;
N 3-аймақ: Ахымбеков, Әл-Фараби көшелеріндегі және С.Қожанов атындағы орта мектептің маңында және қалаға кіре берістегі жолдағы жер учаскелері;
N 4-аймақ: Стадион, ШПЗ, Почтовый, Ледзавод, Мехколонна мөлтек аудандарында және балалар үйі маңында орналасқан жер учаскелері;
N 5-аймақ: "Арыс-Шымкент" бағытындағы темір жолдан Әл-Фараби көшесімен Қабылсай жырасына дейін және Тәжібаев, Төлеби көшелерімен "Арыс-Ташкент" бағытындағы темір жолға дейінгі жер учаскелері;
N 6-аймақ: Самал мөлтек ауданында, ПМС, "Арыс-Шымкент" автокөлік трассасы, саяжай учаскелері маңында орналасқан, Арыс өзені бойымен Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің шекарасына дейінгі жер учаскелері;
N 7-аймақ: Қалаға жақын орналасқан және Көктем мөлтек ауданымен, әскери бөлімімен, "Сараптау-аграрлық компаниясы" ЖШС-нің жерлерімен, Көктем-2 мөлтек ауданымен, "Арыс-Шымкент" темір жолының бойындағы жерлермен, әскери бөлімімен, Наурыз мөлтек ауданымен, Задария ауылдық округінің жерлерімен, теміржол көпіріне дейінгі жерлермен, "Шымкент-Шардара" айналма трассасымен, "Арыс-Шардара" автокөлік трассасымен, Отырар мөлтек ауданымен, "Арыс-Шардара" автокөлік трассасымен, Задария мемлекеттік (ботаникалық) қаумалымен, "Клиника-Ақниет" ЖШС-нің жерлерімен, Талдықұдық мөлтек ауданымен, "Арыс-Монтайтас" автокөлік трассасымен, "Ташкент-Арыс" темір жолы бойындағы жерлермен, "Умай-Маркет" ЖШС, "Комбинат-Заря" мемлекеттік кәсіпорнының жерлерімен, Оңтүстік, Стадион мөлтек аудандарымен, "Арыс-Ташкент" темір жолымен, Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің жерлерімен, қалалық зиратпен, Қабылсай жырасымен, мал базарымен және К.Омаров көшесімен шектесетін жер учаскелері.
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының
2008 жылғы 12 желтоқсандағы
N 12/163-IV шешіміне
2 қосымша
Арыс қаласы үшін:
Аймақтың нөмірлері |
Аймақтардың түзету коэффициенттері |
1 |
2 |
2 |
1,7 |
3 |
1,5 |
4 |
1,2 |
5 |
1,0 |
6 |
0,7 |
7 |
0,5 |