Шымкент қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы туралы

Күшін жойған

Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9/78-4с шешімі. Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 мамырда N 14-1-78 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 34/315-4с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2010.04.15 N 34/315-4с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарындағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 300-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қосымшада ұсынылған Шымкент қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы

Шымкент қалалық мәслихатының
14 сәуір 2008 жылғы N 9/79-4с
Шешімімен бекітілген

Шымкент қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
ҚАҒИДАСЫ

Жалпы қағидалар

      1. Шымкент қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидасы (ары қарай - Қағида) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , Заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалған және меншік түріне қарамай-ақ барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың Шымкент қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ережесін анықтайды.
      2. Шымкент қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі жұмыстарды реттеу және табиғатты пайдалану туралы ұйымдастыру жұмыстары - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, заңнамаларға сәйкес Шымкент қаласының аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау уәкілеттігі бар атқару органына (ары қарай - өкілетті орган), ал күтіп-баптау және қорғау жұмыстары, жасыл желектер кімнің қарамағында болса, соларға табиғатты пайдаланушы ретінде тапсырылады.
      3. Бұл Қағидада мынадай негізгі түсініктемелер қолданылады:
      1) жасыл желектерді еріксіз отау - жасыл-желектер ауруларына бақылау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен есебі жүргізіліп тіркеуге алынып соңынан шаруашылыққа пайдаланылатын ағаштарды кесу;
      2) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - қала аумағында, саны мен түріне қарай бұрыннан өсіп тұрған және жоба бойынша отырғызылуға тиісті ағашты-бұталы өсімдіктерді ашық шалғынды жер телімдермен, алаңқайлармен, жүргінші жолдармен, су хауыздарымен және сол сияқтылармен үйлестіре отырып, жасыл-желектерді орналастыру жоспары;
      3) жасыл желектерді қорғау - жасыл-желектерді, көгалдандырылған аймақтарды және көк шалғындарды құруға, сақтауға және қайта жетілдіруге (соның ішінде жойылған және залал келтірілген жасыл желектерді қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшіліктік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
      4) жасыл алап - 0,125 шаршы метр аумақта орналасқан, түріне қарамай-ақ саны 50 данадан кем түспейтін ағаш өсіп тұрған көгалдандырылған аумақ;
      5) жасыл желектер - табиғи түрде өсіп шыққан немесе қолдан отырғызылған бұталы-ағашты және көк майса шөп түріндегі өсімдіктер. Бұлар азаматтық заңнамаларға сәйкес, қаланың біртұтас жасыл-желек қорын құрап және жылжымайтын мүлікке жатады;
      6) көпшілік қолданатын жер аумақтары - қолданыстағы және алаңқайларға, көшелерге, жаяу жүргінші жолдарға, жолдарға, жағалауларға, су қоймаларына, жаға-жайларға, зиратханаларға және басқа да қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған нысандарға (су құбырлары, жылу жеткізу құбырлары, тазалау имараттары және де көпшілік қолданыстағы инженерлік жүйелер) жер аумақтары;
      7) нысанның (отырғызылған жасыл желектердің) ахуалының (өміршеңдігінің) коэффициенті (ары қарай - НАК) - жойылуға ұсынылған нысанның өміршеңдігін, оның ары қарай жетілу мүмкіншілігін көрсететін жасыл желектің сапалық ахуалы;
      8) жасыл аумақтардағы ландшафттық кесу - кепкен, сырт пішіні нашар, және басқа ағаштар мен бұталардың өсуі кезіндегі оларға тигізетін кері әсеріне деген қарсылығы өте төмен, ең негізгі сәндік ағаштың өсуіне және сол жерде өсетін ағаш түрлерін тұрақтандыру кедергі болатын ағаш түрлерін кесу;
      9) жасыл желектерді орман ағаштарының ауруына тексеру - жасыл желектерде зиянкестердің (жәндіктердің), аурулардың белгілері мен аурудың таралу ортасының бар-жоғын, ағаштардың негізгі бұтағының, діңгегінің, тамыр жүйесінің және жоғарғы жағының зиянкестерден келген ауруларданамандығын тексереді. Егер, ағаштың 50 пайыз бөлігі ауруға шалдыққан болса, онда ол ағаш міндетті түрде санитарлық кесуге жатады;
      10) көгалдандырылған аумақ - табиғи өсіп-өнген шөптері бар жер телімі, қолдан жасалынған сая-бақ кешендері мен нысандары, гүлзар-бақтар, шалғын шөп өскен жерлер, гүлзарлар және тағы басқалары;
      11) жасарту (сирету) - ағаш бұтақтарын қысқарту, жас бұтақтарды сирету және реттеу, жасартуға жарамды, діңгектернін сау, кебу салдарынан жоғарғы жағындағы сәні кеткен бұтақтары бар кәрі ағаштардың діңгектерін 3,5 метр биіктікте кесу;
      12) осы жасыл желектерін қорғау және баптап - күту Ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға әкімшілік және экономикалық шара қолдану;
      13) жасыл желектерді қайта отырғызу - өсіп тұрған жасы I класқа (10 жылға дейін) жататындарын басым және II класқа (11 жылдан 20 жылға дейін) жататындарын кемірек, жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар мен бұталарды, қайта отырғызудың жоғарғы технологияларын сақтай отырып, тамыр топырақтарымен қоса, тамыр жүйелерінің жазық және тік орналасуына қарай қайта отырғызу;
      14) орнын толтыру (кепілдік) отырғызу жоспары - рұқсат етілген санитарлық кесілген мен амалсыз кесілген жасыл желектердің көлемінің орнын толтыру үшін, жасыл-желектердің отырғызылуға тиіс көлемінің жоспары;
      15) жасыл желектердің зақымдануы - өсулеріне кедергі болмайтындай, ағаш-бұталардың жоғарғы жағының, діңгектерінің, тамыр жүйелерінің, ал шалғынды өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйелерінің кейбір бөлігінің зақымдануы;
      16) Шымкент қаласының жасыл желектерінің ақпараттық тізімі - Шымкент қаласы аумағындағы жасыл желектердің түрі, құрамы және отырғызылған аумағының көлемі жөнінде мәліметтер тізімі;
      17) санитарлық шабу - қалалық жасыл желек қорының санитарлық ахуалын жақсарту мақсатында ауру, зақымдалған, кебуге айналған және кеуіп кеткендерін (таңдап немесе түгелімен) шабу;
      18) санитарлық кесу - апатты жағдайлар тудыруға себеп болатын (электр желілерінде немесе газ тасымалы құбырларында жатқан, ғимараттардың шатырларын қиратуы мүмкін, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кедергі болатын) ауру, кебе бастаған, кепкен және зақымдалған бұтақтарды алып тастау;
      19) санитарлық таңдап шабу - барлық кластағы жас шамаларына қарамай-ақ кепкен, жел, қар әсеріне құлауы мүмкін, сонымен қатар, кейбір аурулармен ауырған ағаштар мен бұталарды шабу;
      20) санитарлық жаппай шабу - жасыл аймақтардың, демалыс орындары мен бақтардың белгілі бір аумағындағы ағаштар мен бұталардың 40 пайыздан астам бөлігі кепкен, ауру және қар немесе жел әсерінен құлау қауіпі болса, онда бұл аумақты жаппай шабу;
      21) жасыл желектерді жою - жасыл желектердің өсіп -өнуінің тоқтатылуына әкеліп соқтыратын зақымдануы;
      22) жоғарғы жағын сәндеу - белгілі бір эстетикалық қалып беру үшін, кейбір ағаштар мен бұталардың жоғарғы бұтақтарын кесу;
      23) өкілетті орган - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді орындауға өкілді мемлекеттік орган.
      4. Қаланың коммуналдық шаруашылығының қарауындағы зиратханалар мен жеке үй құрылысы және саяжай аумақтарында өсіп тұрған жасыл желектерден басқа, қала аумағында өсіп тұрған барлық жасыл желектер Шымкент қаласының жасыл желектерінің қол тигізбес қорын құрайды.
      5. Меншік түріне қарамай-ақ барлық заңды және лауазымды тұлғалар, жеке азаматтар жасыл желектерді қорғау сақтаудың кешенді шараларын орындауға міндетті.
      6. Барлық жобалық, құрылыстық және шаруашылық жұмыстары қазақстан Республикасының заңнамаларының және осы Қағиданың талаптарына сай жүргізілуі тиіс.
      Құрылыс, шаруашылық және басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге арналған жобада және жобалық құжаттарда топографиялық түсірулері көрсетілген жасыл желектер туралы толық мәліметтер берілуі тиіс.
      7. Белгілі бір тәртіппен бекітілген қаланың дамуының бас жоспарына іліккен жер телімдерінен басқа, қала аумағындағы көпшілік қолданысындағы жасыл аймақтар қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізуге берілмейді.
      8. Жалпы қолданысқа жататын жерлердегі жасыл желектерді дамыту жұмыстары, қаланы көгалдандырудың ұзақ мерзімді кешенді жоспарына сай әрі сәулет және қала құрылысы органдарының қорытындылары негізінде жүргізілуі тиіс.
      9. Жасыл желектерді амалсыз жоюға тек қана заңнамалар бекіткен тәртіпте ғана рұқсат етіледі.

2. Жасыл желектерді есепке алу, күтіп-баптау және қорғау

      10. Шымкент қаласының әкімшілік аумағындағы жасыл желектердің барлық түрі есепке алынуы тиіс.
      11. Шымкент қаласындағы жасыл желектерді есепке алу жұмыстары есепке алу нысанының аумағындағы жасыл желектерді техникалық инвентаризациялау арқылы жүргізіліп, тізімге алынуы тиіс.
      12. Дендрожоспар - қаланың (ауданның) жасыл қорын құрайтын жасыл желектерді есепке алу жұмыстарының нәтижесін көрсететін құжат болып табылады.
      13. Жасыл желектерді инвентаризациялауды арнаулы мекемелер жүргізеді.
      14. 10 немесе одан да көп ағаш өсіп тұрса да, амалсыз отауға түсіп тұрған жер телімдерінде, тапсырыс берушінің тапсырысымен, осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар арнайы мамандандырылған ұйымдар, ағаш пен бұталардың түр құрамын, саны мен сапасын, жасын (диаметрін) есепке ала отырып, орман ауруларына зерттеу және инвентаризациялау жұмыстары жүргізілуі тиіс.
      15. Шымкент қаласының жасыл желектерінің тізімі мына мақсаттарда жүргізіледі:
      1) Шымкент қаласының жасыл желектерінің ахуалы, сапасы және саны туралы шынайы мәліметтерді жинап және оларды есепке алу;
      2) жасыл желектерді сақтау және қорғау және қаланың көгалдандырылған аумақтарын дамыту саласындағы қала әкімшілігі саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
      3) қаладағы жасыл желектердің саны мен ахуалы туралы билік және басқару органдарын, тұрғындарды шынайы мәліметтермен қамтамасыз ету.
      16. Жасыл желектерді Тізімдеу жұмыстарын ұйымдастыру табиғатты қорғау саласының қаражаттары арқылы жүргізіледі.
      17. Мына жағдайлардан басқа кездерде, көпшілік қолданыстағы жерлердегі жасыл желектерді күтіп-баптау және қорғау жұмыстарын өкілетті орган жүргізеді:
      1) арнайы саябақтарда - иелеріне немесе иесі қойған уәкілетті тұлға;
      2) тұрғын мөлтек аудандарда, тұрғын үйдің алдынан жаяу жүргіншілер жолының сызығына дейін - аула ішілік аумақтағы тұрғын үй қорының иелері өтініші негізінде;
      3) өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да жеке меншік нысандардың аумақтарында, сонымен қатар, бөліп берілген немесе бекітілген және санитарлы-қорғаныс аумақтарында - сол нысандардың иелеріне немесе пайдаланушылары;
      4) құрылыс салуға бөлінген аумақтарда - тапсырыс беруші жүргізеді.
      18. Көпшілік пайдалануындағы жерлерде, жасыл желектерді күтіп-баптау және қорғау жұмыстарын арнайы мамандандырылған мекеме жүргізеді.
      19. Өкілетті орган берген рұқсатнамаға сәйкес жүргізілген санитарлық шабу мен амалсыз отаудың орнын толтыру үшін жасыл желектерді қалпына келтіру жұмыстары сол жер телімінен 3 есе көп аумаққа отырғызылған жапырақты көшеттердің биіктігі 2 метрден, ал қылқан жапырақты көшеттердің биіктігі 1,5 метрден (сапасы I-ші немесе II-ші класс) кем болмауы керек. Егер, санитарлық шабу немесе амалсыз отау жұмыстары жүргізілген аумақтарда, бос орындар болмаса, онда уәкілетті орган, жасыл желектерді орнына келтіру үшін отырғызылатын көшеттер үшін белгіленген тәртіп бойынша арнайы жер телімдерін бөледі.
      20. Нысанның ахуалының коэффициентінің (ары қарай - НАК) 4 және 5-ші дәрежесі бойынша апаттық жағдайда жасыл желектерді отағаны үшін, жеке тұлға немесе заңды тұлға әрбір оталған жасыл желектің орнын толтыру үшін, жапырақты көшеттің биіктігі 2,0 метрден, ал қылқан жапырақты көшеттің биіктігі 1,5 метрден кем болмайтын бір көшет отырғызылады (сапасы I-ші немесе II-ші класс).
      21. Апаттық жағдайларды - кәрі ағаштардың өз бетінше құлауын (тез өсіп аз өмір сүретін: жасы 40 жылдан асатын теректің барлық түрлері, жасы 20 жылдан асатын барлық жеміс-жидек ағаштары) болдырмау үшін, оларға 4 және 5-ші дәрежелі НАК-тің қолдана отырып оларды отауға рұқсат береді (алдын ала Шымкент қаласы әкімдігінің, жасыл желектерді күтіп-баптау үшін тендерді ұтып алған арнайы мамандандырылған мекеменің, төтенше жағдайлар органдарының, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініші бойынша). Егер желдің немесе белгілі табиғи себептермен ағаштар апат туғызып құлаған жағдайда, ағаш құлаған орынды тазалау және ағаш қалдықтарын әкету жұмыстары осы Қағиданың 19 және 20-шы тармақтарында аталған тұлғаларға жүктеледі.
      22. Ғимараттар және үймереттер жайларына жоғары деңгейде көлеңке түсіріп тұрған, 5 метрден жақын өсіп тұрған ағаштарды кесуге, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының тұжырымдамасы негізінде тегін, азаматтардың өтініші бойынша Шымкент қаласы жасыл желектерді қорғау жөніндегі өкілетті орган құрған комиссияның анықтау қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасының 3.01-01-2002 құрылыстық нормалар мен ережелеріне сәйкес, апаттық жасыл желек ретінде (4 және 5-ші дәрежелі НАК бойынша) рұқсатнама беріледі.
      23. Санкция берілмеген, яғни рұқсат етілмеген жасыл желектерді отағаны үшін, орнын толтыруға отырғызылған жасыл желек жапырақты ағаштың биіктігі 2 метрден, ал, қылқан жапырақты ағаштардың биіктігі 1,5 метрден кем болмай, (сапасы I-ші немесе II-ші класты), көлемі 10 есе болуы керек. Егер оталған жерде мұнша көлемді отырғызатын орын болмаса, онда өкілетті орган белгіленген тәртіпте келісілген арнайы орын бөледі.
      24. Жасыл желектерді отау жұмыстары жүргізілгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары, осы Қағиданың 18 және 19-шы тармақтарында атап көрсетілген тұлғалардың есебінен жүргізіледі.
      25. Жасыл желектерді қалпына келтіру мақсатындағы отырғызу жұмыстарын заңды немесе жеке тұлғалар өз беттерінше агротехникалық талаптар сақтай отырып жүргізе алады, сонымен қатар олар осы жұмыстарды жүргізуге арнайы мекемеге келісім шарт бойынша тапсырыс бере алады.
      26. Мемлекеттік бюджет қаражатына құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу жүргінші жолдарды, арық жүйелерін жөндеу), ол жұмыстар аяқталғаннан кейін, сол құрылыс жұмыстарын жүргізген мекеме жасыл желектерді қалпына келтіру немесе отырғызу (егер жобада көрсетілген болса) жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
      27. Қартайған немесе зақымдалған жасыл желектердің өз бетінше құлауы кезінде кінәлілер анықталмаса, онда, жасыл желекті қалпына келтіру жұмыстары, белгіленген тәртіпте, жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
      28. Егер жасыл желек механикалық түрде немесе жол апаты әсерінен зақымдалса, онда осы Қағиданың 27-ші бабына сәйкес, зақымдалған немесе жойылған жасыл желек 3 есе көлемде отырғызылуы арқылы қайтарылады.
      29. Егер, отырғызылған жасыл желек көктемесе, онда жасыл желек кімнің қарауында болса, солар қайта отырғызып, одан әрі күтіп - баптау жұмыстарын жүргізеді.
      30. Егер, қажетті күтіп-баптау, қорды қалпына келтіру жұмыстарының жеткіліксіздігі, механикалық зақымдану салдарынан қурап кетсе, баяу өссе немесе көшеттер отырғызылған орындарында жоқ болса, яғни ұрланып кетсе, онда оларды қалпына келтіру жұмыстары, жасыл желектерді күтіп баптау жұмыстары, сол жасыл желек кімнің қарауында болса, солардың міндеті болып саналады. Көшеттерді қалпына келтіру жұмыстары жоспарға сәйкес, өкілетті органмен келісілген мерзімдер аралығында жүргізіледі.
      31. Құрылыс және басқа да жұмыс түрлерін жүргізген кезде, осы жер теліміндегі сақталатын, отауға немесе санитарлық шабуға жатпайтын жасыл желектерді механикалық және басқа да зақымданулардан тиімді сақтау үшін, арнайы қоршаулармен қоршалуы керек.
      32. Кепілдіктегі арнайы орнын толтыру үшін отырғызылатын жасыл желектердің отырғызылуын және оларды күтіп баптау жұмыстарының жүргізілуін бақылау өкілетті органға жүктеледі.

3. Жасыл желектерді санитарлық шабу (таңдап, тегіс), амалсыз отау, орнын ауыстырып отырғызу, бұтақтарын сәндеу, санитарлық кесу, күтіп баптау жұмыстарын жүргізу

      33. Жасыл желектерді санитарлық шабу (таңдап немесе жаппай), амалсыз отау, орнын ауыстырып отырғызу, жоғарғы бұтақтарын сәндеп қырқу, санитарлық кесу, ландшафттық шабу, штамбыларын тазалау жұмыстары осы Қағиданың талаптарына сәйкес рәсімделіп және тек қана уәкілетті органның ресми рұқсаты бойынша ғана, жер телімін пайдалану рұқсатын беретін құжаттарды көрсеткен жағдайда немесе белгіленген тәртіп бойынша бекітілген табиғатты қорғау шараларының жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      34. Жасыл желектерді санитарлық шабу, амалсыз отау, штамбтарды тазалау және санитарлық кесу жұмыстары жыл бойы жүргізіледі.
      Жасыл желектердің орнын ауыстырып отырғызу жұмыстары, өкілетті орган берген рұқсатнамада мерзімі көрсетіліп, күз басталғаннан ерте көктемге дейін жүргізіледі.
      Бұтақтарды сирете қырқу жұмыстары желек бүршік жарғанға дейін немесе салқын күзде жүргізіледі.
      35. Қағиданың талаптары, жеке тұрғын үй аумағына, тұрғындарын жеке саяжайларына және қаланың коммуналдық қызмет көрсету мекемесіне қарасты зиратханалар аумақтарына жүрмейді.
      Бұл аумақтардағы жасыл желектерді санитарлық шабу, амалсыз отау, штамбыларын тазалау, жоғарғы бұтақтарын сәндеп қырқу және орнын ауыстырып отырғызу жұмыстары, табиғатты пайдаланудың жалпы тәртібі бойынша, рұқсатнамасыз жүргізіледі.
      36. Жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, сонымен қатар, қайта өңдеу жұмыстары жүргізілетін аумақтарда (бұрын тұрғызылған жеке тұрғын үйлерден басқа), олардың не мақсатта жүргізілгеніне қарамай-ақ (жоспардағы, енді салынатын жеке тұрғын үй, өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыс нысандары, әкімшілік ғимараттары, жүргізілетін коммуникациялардың барлық түрлері, қызмет көрсету мекемелерінің нысандары) және жер теліміне қатысты меншік құқығына қарамай-ақ, жасыл желектерді отау жұмыстары, өкілетті органның ресми түрдегі рұқсатымен жүргізіледі.
      37. Осы Қағиданың 18 және 19-шы тармақтарында атап көрсетілген тұлғалар, сонымен қатар, жер телімдерін ауыл шаруашылығы бағытында пайдаланатын тұлғалар, жасыл желектер өсіп тұрған аумақтарды жыл сайын, көктем және күз мезгілдерінде зиянкестерге (өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктерге) және ауруларға қарсы химиялық және шөп дәрілік әдістермен дәрілеу жұмыстарын жүргізуге міндетті.
      38. Осы Қағиданың 37-ші тармағында атап көрсетілген тұлғалар жүргізетін жасыл желектерді дәрілеу жұмыстарын бақылауды ұйымдастыру, алдын-ала бекітілген іс-шаралар жоспары жүргізіліп өкілетті орган және Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің органдарына жүктеледі.
      39. Көпшілік қолданыстағы жер телімдеріндегі жасыл желектерді отау жұмыстарын, міндетті түрде өкілетті органның рұқсатын рәсімдеумен, тендерлік негізде анықталған арнайы мамандандырылған мекеме жүргізеді.
      40. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын архитектуралық, қалақұрылыс және құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде, жасыл желектерді қалпына келтіру жұмыстары, белгіленген тәртіпте, сол жұмысқа тиісті бюджеттің қаражатымен жүргізіледі.
      41. Құлағалы тұрған ағаштар мен талдар, адам өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен имараттарға, коммуникацияларға, жол қозғалысына қауіп төндіретін, төтенше және апаттық жағдайлар кезінде, жасыл желектерді отау, тез арада, рұқсатнама рәсімдеусіз-ақ жүргізіледі. Отау фактісі, 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде, өкілетті орган мен отау жұмыстарын жүргізген арнайы мекемені қатыстырып, төтенше жағдайлар органдарының актісімен куәландырылады.
      42. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1997-ші жылғы 10-ша қазандағы N 1436 "1000 және 1000 В-тан жоғары электр желілері мен жылу желілерін қорғау Ережесі туралы" қаулысына сәйкес, электр желілерінің қорғаныс және санитарлық-қорғаныс аумағы, екі жағында ең шетінде тұрған желілерден санағанда, 15 метрден 55 метрге дейін болады. Бұл аумаққа тиісті мекемелер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген жер телімдерінің өн бойындағы жасыл желектерді санитарлық шабу, қажетті амалсыз отау және санитарлық кесу жұмыстары, уәкілетті органның арнайы рұқсатынсыз жүргізіледі.
      43. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қаланың көлік жолдарында апаттық жағдайлар тудыратын жасыл желектерді санитарлық кесу жұмыстары, өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз, арнайы мекеме күшімен жүргізіледі.
      44. Қар еріп, су тасқыны кезінде, су көздерінің (өзендер, су қоймалары) бетіне қарай өскен жасыл желектерді отау жұмыстары шұғыл түрде жүргізіледі. Отау фактісі 72 (жетпіс екі) сағат ішінде, өкілетті органға хабарлай отырып, төтенше жағдайлар және ирригациялық қызмет мекемелерінің актісімен куәландырылады.
      45. Қырқылған жасыл желектер мен олардың шабылған қалдықтарын (үгінділер, бұтақтар, жапырақтар, қабықтар және т.б.) жұмыс жүргізілген жерге жинап, сақтауға болмайды. Құлату, бұталау және қалдықтарды тасымалдау жұмыстары техника қауіпсіздігі талаптарын толық сақтау арқылы жүргізілуі тиіс.
      46. Жасыл желектерді қайта отырғызу жұмыстары аяқталған соң, тапсырыс беруші, жасыл желектерді күтіп баптау және қорғау шараларын қамтамасыз етуі тиіс.
      47. Жасыл желектерді санитарлық шабу, амалсыз отау штамбаларды тазалау, санитарлық кесу, ауыстырып отырғызу жұмыстарын жүргізу үшін рұқсатнама алуға мынадай құжаттарды көрсету керек:
      Заңды тұлғалар үшін:
      1) сұраныстағы жасыл желектердің аумағының мекен жайы, сол жасыл желек өсіп тұрған аумаққа қарайтын мекеменің басшысының аты-жөні көрсетіп, уәкілетті орган басшысының атына жазылған өтініш;
      2) жергілікті атқару органының шешімінің көшірмесі (жер телімдерін құрылысқа (нысандарды қайта өңдеуге), сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысына (ары қарай - ЖТҚ) бөлген кезде) немесе құрылыс салуға жер телімін таңдау актісі;
      3) жер теліміне меншік құқығын растайтын құжат көшірмесі және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынатын немесе қайта өңделетін нысандар үшін);
      4) жаңадан тұрғызылатын нысандар үшін, Шымкент қалалық архитектура және қала құрылысы Департаментінің архитектуралық - жоспарлау тапсырмасы бойынша қорытындысы;
      5) барлық жасыл желектерінің тегі, саны, олардың ахуалы көрсетілген жер телімінің топографиялық түсірілген сұлбасы;
      6) қалпына келтіру үшін көгалдандыру жұмыстарының жоспары немесе жасыл желектердің тізімі көрсетілген жобалаудағы көгалдандыру жоспары;
      7) көшеттерді отырғызуды аяқтау мерзімі көрсетілген, қалпына келтіру үшін көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге кепілдеме хат.
      Жеке тұлғалар үшін:
      1) өкілетті орган басшысы атына жазылған өтініш;
      2) жер теліміне меншік құқығын растайтын құжат көшірмесі және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы немесе құрылыс салуға жер телімін таңдау актісі;
      3) қалпына келтіру үшін көгалдандыру жұмыстарының жоспары немесе жасыл желектердің тізімі көрсетілген жобалаудағы көгалдандыру жоспары;
      4) көшеттерді отырғызуды аяқтау мерзімі көрсетілген, қалпына келтіру үшін көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге кепілдеме хат.
      48. Жаңадан тұрғызылатын нысандар үшін, жеке және заңды тұлғалардың сұранысы бойынша рұқсатнама алу кезінде, жоғарыда атап көрсетілген құжаттардың көшірмесін тапсыру керек.
      49. Өтініш, міндетті түрде, өтініш берушінің немесе оның өкілінің қатысуымен, өкілетті органның маманының жер телімін көріп барып қаралады.
      50. Егер алдын ала анықтаудың нәтижесінде, (қаралған жер телімінде) санитарлық шабуға, амалсыз отауға, санитарлық кесуге және бұтақтардың жоғарғы жағын сәндеп қырқуға жататын жасыл желектердің саны 10 (он) данадан асатын болса, онда өтініш беруші, өтінішке қоса, белгіленген тәртіпте, жасыл желектерді инвентаризациялау және орман ауруларына тексеру мәліметтерін өткізуі тиіс.
      51. Жасыл желектерді санитарлық шабуға, амалсыз отауға, орнын ауыстырып отырғызуға, бұтауға берілетін рұқсатнаманың жарамды мерзімі, ауа - райына, желектердің түріне байланысты өкілетті орган өзі анықтайды, бірақ бұл мерзім осы жылдың ағымдағы айының соңғы күнінен аспауы тиіс.
      52. Осы Қағида бойынша көгалдандырылған аумақтарда тиым салынады:
      1) жасыл желектерді зақымдауға және жоюға;
      2) алау оттарын жағуға, түскен жапырақтар мен кепкен шөптерді өртеуге;
      3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағын сулармен ластауға;
      4) ағаштардың бойынан нәр ағызып алуға, кесіп сызуға, жазу жазуға, жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әр түрлі сілтемелер, сымдар ілуге және ағаштарға ілмектер мен шегелер қағуға;
      5) осы аумақтағы жасыл желектерді күтіп баптауға пайдаланылатын көлік құралдарынан басқа, автокөлік құралдарының, құрылыс және басқа да көлік құралдарының жүруіне және тұрақтануына;
      6) автокөлік құралдарын жууға;
      7) өсіп тұрған шалғын шөптердің үстіне көлік құралдарын қоюға;
      8) мал жаюға;
      9) әр түрлі жүктерді, сонымен қатар құрылыс материалдарын текшелеуге;
      10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды жүргізбейінше, жасыл желектердің жер телімдеріне шатырлардан қар түсіруге;
      11) жасыл желектерге зияндық әкелетін басқа да әрекеттер мен әрекетсіздік жол беруге.

4. Жасыл желектерді отау және орнын ауыстырып отырғызу

      53. Жасыл желектерді отау жұмыстары мына жағдайларда рұқсат етіледі:
      1) қала құрылысының бекітілген және келісілген құжаттамалары бойынша кейбір құрылыс нысандарын салуды қамтамасыз ету;
      2) инженерлік сәулеттендіру және жерүсті коммуникациялары нысандарына қызмет көрсету;
      3) апаттық және төтенше жағдайларды, сонымен қатар, инженерлік сәулеттендіру нысандарындағы апаттық және төтенше жағдайларды жою;
      4) Шымкент қаласында, санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы бойынша, тұрғын үй ғимараттары мен тұрғын үйге арналмаған ғимараттарға арналған нормативтер бойынша, жарықты қамтамасыз ету;
      5) жасыл желектердің сапасын және түрлерін жақсарту қажет болған жағдайда.
      54. Жасыл желектерді кесу, тек кесу билеті бойынша ғана (5-ші және 6-шы қосымшалар), ал көшіріп отырғызу, Шымкент қаласы жасыл желектерді қорғау жөніндегі Өкілетті органның берген рұқсаты бойынша (2-қосымша) жүргізіледі.
      Жасыл желектерді жою, көшіріп отырғызу рұқсаты жасыл желектерді қорғау жөніндегі Өкілетті органмен анықталады.
      Сүректі-бұта өсімдіктерін жою, көшіріп отырғызу, жаңарту, жер учаскелерінде (бау-бақшалық және саяжайық телімдер, жекеше тұрған үй құрылысы), оларды азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке меншігіне өткізгеннен кейінгі, шаруашылық қызметі немесе табиғи түрде пайда болған, олардың өзінің қалауы бойынша, рәсімдеу рұқсатынсыз жүзеге асырылады.
      55. Мемориалдық, тарихи және бірегей эстетикалық құндылығы бар, тағайындалған тәртіпте статусы бекітілген ағаштарды кесу; Қызыл кітапқа енгізілген сүректі және бұта өсімдіктерінің түрлері, сонымен қатар ерекше қорғалатын, жергілікті маңызы бар табиғи аймақтарда орналасқан ағаштарды кесуге, - тыйым салынады. Төтенше жағдайда, ерекше қорғалатын екпелерді кесу қажеттігі туғанда, кесудің мақсатқа сәйкестігін сараптау және экологиялық зиянның бағасы, қала әкімімен құрылған комиссия арқылы жүргізіледі.
      56. Ағаштар мен бұталарды кесуді белгіленген тәртіп бойынша рұқсат құжаттары (оның ішінде кесу билеті) бар, тиісті жұмыстарға сертификаты бар мамандандырылған ұйым жүргізеді.
      Жасыл желектерді жоюға немесе көшіріп отырғызуға, алдын ала рұқсат беру құжаты рәсімделмейінше, тыйым салынады.
      57. Қала құрылысы қызметтерін жүзеге асыру кезінде жасыл желектерді жою немесе көшіріп отырғызу келісімі мына тәртіпте жүзеге асырылады:
      1) жобалау ұйымы құрылыс жүргізуге бастапқы-рұқсат құжаттамаларын дайындаған кезде, белгіленген тәртіпте құрылысқа жоба жасайды;
      2) тапсырыс берушінің хаты немесе өтініші негізінде уәкілетті орган облыстық аумақтық орман шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып, құрылыс жүргізу жорамалданатын телімге зерттеу жүргізеді және ондағы ағаштардың және бұталардың саны, олардың түрлік құрамы, жай-күйі, гүлзарлардың, шөп жамылғысының, гүлзарлардың нақтылығы көрсетілген зерттеу актісін жасайды;
      3) зерттеу актісі негізінде, өкілетті орган жобалау ұйымына берілген учаскеде жасыл желектердің саны көрсетілген және ерекше жағдайда ағаштарды және бұталарды сақтап қалу мүмкіндігі мақсатында, құрылыс жүргізу мүмкіндігі туралы тұжырымдама береді;
      4) өкілетті органмен келісілген бастапқы - рұқсат құжаттамасы негізінде жобалау құжаттамасы жасалынады;
      5) бекітілген тәртіппен тиісінше ресімделіп ұсынылған құжаттар негізінде уәкілетті орган тапсырыс берушіге кесілетін ағаштар мен бұталардың өтемдік құнын төлеудің тағайындалған кесімді бағаларға немесе бекітілген құнды бағалау әдістемесіне сәйкес анықталған көлеміндегі шотты жазып береді;
      6) Әкімдіктің бағдарламаларына сәйкес бес қабатты және басқа да ескі құрылыстарды бұзғанда жасыл желектерді кесуге кесу билеттерін бергенде, өтемдік күн инженерлік коммуникациялардың қорғау аймақтарында және жарық режимі аймағында орналасқан жасыл желектерді есепке алмай есептеледі.
      58. Инженерлік қатынастарға күрделі немесе ағымды жөндеу жүргізу кезінде жасыл желектерді жою және (немесе) көшіріп отырғызу келісімі мына тәртіпте жүргізіледі:
      1) инженерлік қатынастарға күрделі немесе кезекті жөндеу жүргізу кезінде жасыл желектерді кесіп алу кесу билеті негізінде жүргізіледі;
      2) қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес анықталатын, инженерлік коммуникациялардың сақтау аймағына келетін жасыл желектерді кескенде өтемдік құн алынбайды;
      3) жөндеу жұмыстары барысында бұзылған гүлбақтар мен гүлзарларды қалпына келтіру тапсырыс берушінің қаржысы есебінен жүзеге асырылады;
      4) инженерлік коммуникациялардың жұмыс жүргізілетін аймағынан тыс аймақтарда өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды кескенде өтемдік құн жасыл желектің ағымдағы жай-күйін ескеретін коэффициентті қолдана отырып, қалпына келтірудің нақты мөлшерінде өндіріліп алынады. Мұнайда жасыл желектердің әлеуметтік-экологиялық мәнінің коэффициенті, олардың су қорғау құндылығы, орналасқан жері, сондай-ақ өзге де түзетпе коэффициенттер қолданылмайды.
     59. Төтенше және апатты жағдайларда, ірі ағаштар құлаған кезде, адамдардың өміріне және денсаулығына, ғимараттар, үймереттер жағдайына, көлік қозғалысына, тіршілік қатынасына қатер төнгенде, - айтылған екпелерді кесу, алдын-ала ресімдеу рұқсатыңыз жүргізіледі:
      1) кесу фактісі тиісті үлгіде ресімделген, кесілген жерді куәландыру актісімен ресімделген, комиссияның құрамында аумақ иесінің, өкілетті органның, апаттық және өзге де төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүргізген ұйымның өкілдерінің, тиісті аудан әкімі өкілінің қатысуымен жасалады;
      2) белгіленген тәртіппен ресімделген, кесілген жерді куәландыру актісі бар болса, Өкілетті орган жұмыс басталған сәттен бастап 72 сағат ішінде кесу билетін береді.
      60. Қураған, суалған және ауру ағаштарды есепке алу және таңбалау, олардың тұрған жеріне қарамастан, көгалдандырылған аймақтарды пайдаланушылардың, меншіктеушілердің, жалға алушылардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Шымкент қаласының жасыл желектерді қорғау жөніндегі Өкілетті органмен жүргізіледі.
      Егер қураған ағаштарды және бұталарды тексерген кезде, ағаштардың опат болуы кәріліктен емес, жекелеген азаматтардың немесе қызмет тұлғаларының кінәсінен болғаны анықталса, онда бұл ағаштардың бағасы дымқыл өскен ағаштарды қалпына келтіру құны бойынша жүргізіледі, ал олардың опат болуына кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
      61. Жасыл желектерді өндіруге және күтіп-баптауға мамандандырылған мекемелерге жататын аймақтардағы жасыл желектерді кесу, осы Қағидаға сәйкес жүргізіледі.
      62. Жасыл желектерді өндіруге және күтіп-баптауға, агротехникалық шараларды орындау үшін арнайы бөлінген аймақтардағы жасыл желектерді кесу, аймақтардың иелерінің - ұйымдардың әкімшіліктерінің шешімдері бойынша, кесу билетінің рәсімделуінсіз жүзеге асырылады.
      Бұл жағдайда өтемдік құн төленбейді.
      63. Жасыл желектерді өсіруге және күтіп-баптауға мамандандырылған аумақ иелері-ұйымдар жасыл желектерді қорғау жөніндегі Өкілетті органға жасыл желектерді өсіру және күтіп-баптау жөнінен агротехникалық шараларды орындау үшін арнайы бөлінген аумақтың шекарасын көрсете отырып, оларға жатқызылатын аумақтың жобасын ұсынады.
      64. Басқұрылыс жоспары мен есептеу тізімдемесіне сәйкес кесілуге жатқызылатын жасыл желектердің бәрі қызыл бояумен, қайта отырғызуға арналғандар - сарымен таңбаланады. Ағаштарды таңбалауды дендрологиялық жоспарға және есептеу тізімдемесіне сәйкес жұмыстарды жүргізуші жүзеге асырды.
      65. Құлату, түбірін қопару, кесілген ағашты және кесінді қалдықтарын тиеу мен тасу жұмыс басталған сәттен бастап тәулік ішінде жүзеге асырылады. Кесілген жасыл желектерді және кесінді қалдықтарын өндіріс орнында сақтауға тыйым салынады. Барлық құлатып, түбірін қопару және кесінді қалдықтарын тасу жұмыстары, осы жұмыстардың түріндегі қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес толық жүргізіледі.
      66. Кесу аумағына іргелес гүлзар, жасыл желектер зақымданған жағдайда жұмысты жүргізуші олардың құзыры шеңберінде аумақ иелерімен және бақылаушы органдармен келісілген мерзімде, бірақ зақым келтірген сәттен бастап, жарты жылдан кешіктірмей, міндетті түрде қалпына келтіреді.
      67. Қалалық орта жағдайда бейімделген жасыл желектерді көшіріп отырғызу, ағаштарды және бұталарды (2-ші қосымша) көшіріп отырғызу рұқсаты негізінде жүргізіледі.
      68. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер жұмыс бастамас бұрын рұқсат алу үшін төмендегілерді атқаруы тиіс:
      1) Өкілетті органға құрылыс аймағындағы ағаштарды және бұталарды көшіріп отырғызу, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы органымен таңдап алынған учаскелерге қайта құру және күрделі жөндеу жобалық құжаттамаларын тапсыру;
      2) ағаштарды және бұталарды көшіріп отырғызу мамандандырылған мекемелермен келісім шарт түзу, Өкілетті органмен конкурс негізінде анықталған;
      3) көшіріліп отырғызылған жасыл желектерді күту жөніндегі жұмыстарды - жапырақтылар 1 жыл жапырақтылар 2 жыл ішінде жасыл желектерді қорғау жөніндегі Уәкілетті органмен берілген кептілік хаты негізінде қаржыландырып отыруды қамтамасыз ету. Кепілдік кейінгі жасыл желектерді қабылдап алу, жасыл желектердің тіршілікке бейімділігі актісі негізінде (1-ші қосымша) жүзеге асырылады;
      4) жобалау ұйымдары, бес қабатты және көнерген тұрғын үй қорын қайта тұрғызу, ғимараттар, құрылыс және инженерлік қатынастарды күрделі жөндеу құрылысы аймақтарынан көшіріліп отырғызатын жасыл желектерді пайдалана отырып, жобаланатын көгалдандыру объектілерінің жобалау-смета құжаттамасын жасау қамтамасыз етеді;
      5) Өкілетті орган қайта отырғызуға рұқсатты құрылыс, бес қабатты және ескірген тұрғын үй қорын қайта жаңғырту, ғимараттарды, үймереттерді және инженерлік коммуникациялардың күрделі жөндеу аймағына жатқызылатын дендрологиялық жоспарды, жасыл желектер есебінің тізбесін және қайта отырғызылатын ағаштар мен желектерге бөлінген аумақтардың абаттандыру және көгалдандырудың жобалық құжаттамаларын бекіткеннен кейін рұқсат береді, қайта отырғызылатын жасыл екпелердің есебін жүргізуді қамтамасыз етеді. Қайта отырғызу орнын куәландырады. Қайта отырғызуға рұқсатты жабу туралы белгі қояды.

      5. Жасыл желектерді, оларды жойғаннан кейінгі зиянды өтеу және қалпына келтіру

      69. Қызмет тұлғаларының, азаматтардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде болған көп жылғы жасыл желектерді жоғалту (жою, құрту) немесе зақымдау, ақшалай немесе натуралды түрде толық өтеуге жатады.
      70. Өтемдік көгалдандыру төмендегі талаптар есебіне сәйкес жүргізіледі:
      1) орны толтырылатын екпелер саны, көгалдандырылған аймақ көлемі қысқартылмай, жойылған екпелер санынан үш есе көлемде артық болуы тиіс;
      2) орны толтырылатын жасыл желектердің түрлік құрамы және құрылысы сәулет, экологиялық және эстетикалық сипаттамасы бойынша, артық болуы тиіс;
      3) қайта өндіру, тәртіп бойынша, жою жүргізілген жерде кесегімен ағаштар түсіру арқылы, аймақ көлеміне жүргізіледі.
      71. Өтемдік көгалдандыру, кімнің тілегімен жою жүргізілсе, сол азаматтар және заңды тұлғалар қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Жасыл желектерді жою кімнің тілегімен, азаматтармен және заңды тұлғалармен жүргізілген болса, өтемдік құн Шымкент қаласы бюджетіне аударылады.
      Натуралды түрдегі өтем азаматтармен немесе заңды тұлғалармен шарт бойынша, көгалдандыру кәсіпорнымен жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімімен жүргізілуі мүмкін.
      72. Өтемдік көгалдандыру мына жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) дендрологиялық жобамен бекітілген 20 данадан артық сүректі-бұта өсімдіктерін орнына қайта келтіргенде;
      2) Шымкент қаласы жасыл желектерді қорғау жөніндегі өкілетті органмен келісілген сызбаларға сәйкес, 20 данадан кем емес сүректі-бұта өсімдіктерін орнына қайта келтіргенде.
      73. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде жоюға жататын жасыл желектер, құрылыс жүргізушінің есебінен қайта қалпына келтіріледі. Құрылысқа арналған тағайындалған жоба құжаттамаларына сәйкес, құрылыс салушылармен жүргізілетін жүргізілген көгалдандыру, өтемдік көгалдандыру бойынша жүргізілген жұмыстар сияқты есепке алынбайды.

6. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі

      74. Жасыл желектерді зақымдау немесе жою заңсыздығының әкімшілік жауапкершілігі, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдары негізінде анықталады.
      75. Осы қағиданың баптарын бұзған жеке, қызмет және заңды тұлғалар ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес (300 бап) әкімшілік жауапкершілікке мына жағдайларда тартылады:
      жасыл желектерді зақымдау немесе жоюда;
      көгалдандырылған аймақтарда алау жағу, түскен жапырақтарды және құрғақ шөптерді жағу, түскен жапырақтарды және құрғақ шөпті жағу;
      3) гүлзарларды, гүл бақтарын, жолдарды, сутоғандарды қоқсыту және жасыл желектер орналасқан аймақтарды тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен, сарқынды сулармен ластау;
      4) ағаштардан шырын алу, тілу, жазу, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер ілу үшін ілгектер және шегелер қағу;
      5) жасыл желектерді күту және көрсетілген аймақтарды пайдалануға байланысты техникалардан басқа, автокөлік жабдықтарының, құрылыс және жол техникаларының жүруіне және тұруына;
      6) көгалдандырылған аймақтарда - арнайы бөлінген орындардан басқа, автокөлік құралдарын жуу;
      7) гүлзарларда көліктерді аялдату;
      8) жасыл желектер орналасқан аймақтарда мал жаю;
      9) түрлі жүктерді жинау, соның ішінде құрылыс материалдарын;
      10) өсімдік топырағын, құм алу және басқа да қазба жұмыстарын жүргізу, соның ішінде бақшалық жұмыстар;
      11) ағаштар және бұталарды қорғауды қамтамасыз ету шараларын қолданбай, екпелер өсіп тұрған жерлерге төбеден қар тастау;
      12) тиісті рұқсатсыз жасыл алаптар, бақтар, саябақтар, гүл бақтарын, бульварлар, санитарлық-қорғаныс танаптарының құрылысын жүргізу;
      13) тағайындалған өтемдік көгалдандыру жүргізуші және жасыл желектердің есебі тәртібінің бұзылуы;
      14) жасыл желектерге зиян келтіруге бейімді басқа да әрекеттер жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады