Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарының, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына, сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Арыс қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Арыс қаласындағы N 4 мөлтек ауданына қарасты:
1) Дзержинский көшесiне Ұлы Отан Соғысының ардагерi Көпжан Дербисбековтың аты берiлсiн;
2) Маяковский көшесiне Өскенбек Сарбасовтың аты берiлсiн.
2. Осы шешiм және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихат сессия төрағасы: А. Мәжiнбеков
Арыс қаласы әкiмi: Ш. Сатымбеков
Қалалық мәслихат хатшысы: Ө. Керiмқұлов