Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 маусымдағы N 354 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет Басқармасында 2008 жылғы 14 шілдеде N 14-2-59 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 15 қазандағы N 444 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімдігінің 2009.10.15 N 444 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі!
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2007 жылғы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 қаулысына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Б. Ділдәбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

      Қала әкімі:                                Ш. Сатымбеков           

      Арыс қаласы әкімдігінің 2008
      жылғы 3 маусымдағы N 354
      қаулысымен бекітілген қосымша

"Лизингімен техниканы сатып алу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт лизингімен техниканы сатып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін белгілейді (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының келесі заңнамалары:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.04.1998 N 341 "Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы" қаулысының негізінде көрсетіледі;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке, заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысының 125-тармағы.
      4. Мемлекеттік қызмет Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімімен көрсетіледі. Мекен-жайы: Әл-Фараби көшесі, N 3 үй, телефоны:2-15-60.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетуді аяқтау нысаны болып лизингімен техниканы сатып алу үшін анықтама беру.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрі - өтініш білдіруші).
      7. Мемлекеттiк қызмет келесідей мерзімде көрсетіледі:
      1) өтініш, барлық құжаттарымен бірге қабылданған күннен бастап қызмет көрсету мерзiмi: 30 күн;
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезек күту уақыты ең көп дегенде: 40 минуттан аспауы тиіс;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күту уақыты ең көп дегенде: 30 минуттан аспауы тиіс.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, олардың үлгілері және оларды толтыру туралы толық ақпарат Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің ресми ақпараттық дерек көздерінде, стендтерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет аптаның бес күн көрсетіледі, түскі ас үзілісін есептемегенде. Қабылдау, алдын-ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен іске асырылады. Жұмыс кестесі: қабылдау – дүйсенбі- жұма күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүргізіледі; үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
      11. Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінде осы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар және мүгедектер арбасына арналған жол (пандус); кіре берісте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгілері жазылған стенді, кабинеттің жанында дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, күту залы, құжаттарды толтыру орындары, құжаттарды толтыру үлгісінің тәртібі және тапсырылатын құжаттар тізімі стендімен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптары:
      1) жеке куәлік.
      13. Өтiнiш нысандары мына мекен жайда берiледi: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, N 3 үй, 3 қабат.
      14. Жиналған құжаттар тiзбесi Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкеріне ұсынылады. Мекен-жайы: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, N 3 үй, 3 қабат.
      15. Құжаттарды тапсырған өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген, өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық тиісті құжаттарды тапсырғандығын растайтын қолхат беріледі.
      16. Анықтама алушыларға жеке куәлігін көрсету арқылы азаматтарды кезекке тіркеу журналында қол қойдыра отырып беріледі. Мекен-жайы: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, N 3 үй, 3 қабат.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту жазбаша жазып беру негізінде тоқтатылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тұтынушыға қызмет көрсету кезінде Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:
      1) әдептілік және осы мемлекеттік қызмет жөнінде нақты ақпараттар беру;
      2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
      3) тұтынушылар құжаттарының ақпараты мен мазмұнының қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді ("Сапа және қол жетімділік көрсеткіштердің мәні" кестесі).
      20. Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді. 

5. Шағымдану тәртібі

      21. Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарының әрекеттеріне шағымдану арызы Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлім бастығының атына жазылады. Мекен-жайы: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, N 3 үй, телефон: 2-15-60.
      22. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, электрондық пошта арқылы немесе Арыс қаласы әкімі аппаратының немесе Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Қаралған арыз-шағымның нәтижесі арызданушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы жіберіледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараттық мәліметтері: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, N 3 үй, сымтетігі: 2-15-60.
      Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманына: сымтетігі 2-15-60.
      Жоғары тұрған органдардың байланыс ақпараты Арыс қаласы әкімдігі, мекен-жайы: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, N 3 үй.
      Электрондық пошта: www.appazov79@mail.ru
      25. Қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алу үшін Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласу қажет. Мекен–жайы: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, N 3 үй, телефон: 2-15-60.

      Мемлекеттік қызмет
      көрсету стандартына
      қосымша

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің ағымдағы жылдағы нысаналы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95%

80%

75%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі)

90%

60%

55%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар) % (үлесі)

95%

80%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

50%

45%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

90%

40%

35%

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

40%

30%

0

4.  Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

90%

60%

55%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

45%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

75%

45%

5.  Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

40%

35%

      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады