Кентау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы N 55 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 сәуірде N 14-3-58 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы мәслихатының 2009 жылғы 26 маусымдағы N 158 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы   мәслихатының 2009.06.26 N 158 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулысына сәйкес, қала әкімі ұсынған "Кентау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын" қарап, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Кентау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы" бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      С. Алшынбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы                   Б. Аширов

2008 жылғы 26 наурыздағы N 55
Кентау қалалық мәслихатының
шешімімен бекітілген

      Кентау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген
азаматтарға тұрғын үй көмегін беру ҚАҒИДАСЫ

      Осы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Ережесі (бұдан әрі -Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулысына сәйкес әзірленді.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі- халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметке және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға беріледі;
      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға егер, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына төлем шығындары нормасы (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегіндегі) отбасы жиынтық табысының 20 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді.
      3. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығынына тұрғын үй көмегін тағайындауда, есеп кондоминиум объектісі мүшесінің тіркелген үлесіне сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2008.11.10 N 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      2-тарау.Тұрғын үй көмегін тағайындау шарты.

      4. Тұрғын үй көмегі аумақта тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалдаушы, жалға алушы) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (жеке тұлғаларға тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегі:
      1) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін пайдалануға;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, жобалық-сметалық құжаттарын жасауға және мемлекеттік экспертизалық жұмыстардың шығындарына кондоминиум мүшелерінің үлестеріне сәйкес өтемақы төлеу үшін беріледі.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі ( пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға берушілер (қосымша жалға беруші), сондай-ақ жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан азаматтар мен жеті жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғаларға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      6. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      7. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифі артуының сомасын төлеуге бюджеттен бөлінген қаржы шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі.
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі ақшалай түрде жиналыс шешіміне сәйкес алушылар тізімі бойынша кондоминиум объектісін басқарушы органның жинақ есебіне немесе үш жақты келісім шарт бойынша құрылыс жүргізуші мердігер мекеменің есеп шотына жіберіледі.
      8. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін тұтынуға жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі пайдаланылатын жеңілдіктеріне қарамастан үлестеріне сәйкес беріледі.
      9. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға жүргізілген өтемақы кондоминиум қатысушы ретінде төлемдерді (жарналарды) үнемі төлеп отырған жағдайда толық көлемде қайтарылып отырады.
      10. Тұрғын үй көмегіне қажетті құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      11. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тұрғын үй көмегін алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға
тағайындалады,
      Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Отбасының тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға төлемнің жұмсалуына жол беруге болатын шекті шығында үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген жағдайда тұрғын үй көмегін көрсету секторы бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеулер жүргізеді.
      12. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанына, отбасы құрамындағы және жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін басқа да мән-жайлар туралы 15 күн мерзімде уәкілетті органды хабардар етуге тиіс.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына және төленуіне апарып соқтырған дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда отбасы бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
      Тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтаруға жатады.

      3-тарау. Тұрғын үй көмегін есептеу

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді Кентау қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрғын үй көмегін көрсету секторы мамандары төмендегі құжаттар негізінде қабылдайды:
      1) тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының келісім шарты) өтініші;
      3) отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (жаңа үлгідегі азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, пәтер планы не мекен-жай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
      6) отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамалар (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, алимент, еңбекақы), жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама;
      7) қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері екендігін растайтын құжат;
      9) балалардың туу туралы, неке туралы немесе оның бұзылғандығы туралы, N 4 үлгі, әкелігін анықтайтын куәліктері, еңбек кітапшасының көшірмесі;
      10) өтініш иесінің жеке куәлігі, ӘЖК, СТН, жинақ кітапшасының  көшірмесі және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке бастарын растайтын құжаттары;
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2008.11.10 N 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      14. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға қажетті құжаттар:
      1) кондоминиум объектісінің қатысушысы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі;
      2) сараптамадан өткен, мөрмен куәландырылған көппәтерлі үйдің әрбір күрделі жөндеу жұмыстарының түріне есептік-сметалық құжат;
      3) жекеменшік иесі мен күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізетін мекеменің өзара жасасқан шартының көшірмесі;
      4) кондоминиум қатысушысының үлес мөлшері көрсетілген, заңнамаларға сәйкес тіркеуден өткен кондоминиумның техникалық төлқұжаты;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар аяқталғаннан кейінгі қабылдау-тапсыру актісі.
      6) төленген төлемі көрсетілген, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге өтініш берушінің жұмсаған шығындарын өтеу қажеттігі туралы кондоминиум төрағасынан анықтама - қолдаухат;
      15. Ақпараттың нақтылығына күмән туындаған жағдайда, тұрғын үй көмегін көрсету секторы тұрғын үй алуға үміткердің кірісі туралы ақпаратты заңды және жеке тұлғалардан сұратуға құқылы.
      16.Тұрғын үй көмегі:
      1) тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері және осы отбасының бұл мақсатқа жұмсайтын шығындарының өтемі жол беруге болатын шекті деңгейі бойынша көрсетіледі.
      2) абоненттік ақы тарифінің арттырылу бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айырмасынан асырылмайды.
      3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге өтемақы жобалық-сметалық және мемлекеттік сараптамалық жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар есебімен толық көлемде өтеледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2008.11.10 N 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      17. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды, алайда, мөлшері жалпы тұрғын үй алаңынан аспауға тиіс.
      18. Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы табыстың барлық түрлері (тұрғын үй көмегі, атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейін балалары бар отбасыларына төленетін жәрдемақы, туылған кезде және жерлеуге берілетін бір реттік төлем ақыдан басқа) кіреді.
      19. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      20. Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезінен бастап немесе келесі тоқсанда жүргізіледі.

      4-тарау. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері.

      21. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      22. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есептік-нормативтік шығындар коммуналдық қызмет ұсынушы уәкілетті органдардың ұсынған деректерімен, ал байланыс қызметі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының телекоммуникация дирекциясының ұсынған деректері негізінде жүргізіледі.
      23. Кентау қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көмектің сомасын көрсете отырып, тізім жасайды және ай сайын қалалық қаржы бөліміне көмек сомасына қажеттілікті тапсырады. Байланыс қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде жүргізіледі. Қалалық қаржы бөлімі қажетті соманы қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнайы есеп шотына, ал өз кезегінде еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көмек алушылардың екінші деңгейдегі банктер бөлімшелеріндегі есеп шоттарына атаулы түрде, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарды қоспағанда, аударады.

      5-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету үшін жауапкершілік.

      24. Уәкілетті орган және бағдарлама әкімшісі тұрғын үй көмегінің дұрыстығына, уақытылы тағайындауына, төленуіне Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен жауап береді.
      Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2008.11.10 N 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады