Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы мәслихатының 2009.06.26 N 158 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Кентау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы N 55"Кентау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы" (Кентау қаласының Әділет басқармасында нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 15.04.2008ж. N 14-3-58 нөмірімен тіркелген және "Кентау шұғыласы" газетінде 30.04.2008ж, 08.05.2008ж жарияланған) шешіміне төмендегі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тараудың 2-тармағындағы "ақы тарифінің артуына" деген сөздерден кейінгі "өтемақы шығындары" деген сөздер "төлем шығындары нормасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тарау 13-тармақтағы:
1 тармақшасына:
"жалға алушының" деген сөздерден кейін "келісім шарты" деген сөздер қосылсын;
2,4, 5, 8, 11, 12, 13 тармақшалар алып тасталсын;
3 тармақшасына:
"жаңа үлгідегі азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі" деген сөздерден кейін "пәтер планы" деген сөздер қосылсын;
10 тармақшасына:
"өтініш иесінің" деген сөздерден кейін "жеке куәлігі, ӘЖК, СТН, жинақ кітапшасының көшірмесі" деген сөздер қосылсын;
3-тарау 16-тармақтағы:
1-тармақшасындағы "шекті деңгейі бойынша" деген сөздерден кейінгі "нақты түбіртектер негізінде" деген сөздер алып тасталсын.
Осы Қағидаға қосымша 5-тарау қосылып, төмендегі редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін көрсету үшін жауапкершілік".
5-тарау 24-тармақ:
"Уәкілетті орган және бағдарлама әкімшісі тұрғын үй көмегінің дұрыстығына, уақытылы тағайындауына, төленуіне Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен жауап береді".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Ы. Молдалиев
Қалалық мәслихат хатшысы Е. Аширов