Кентау қаласы мен елді мекендердің аумағын абаттандыру Қағидасы туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 маусымдағы N 72 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 шілдеде N 14-3-61 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 270 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2010.12.22 N 270 Шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарындағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 387-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қосымшада ұсынылған Кентау қаласы мен елді мекендердің аумағын абаттандыру Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      М. Күнпейсов
      Қалалық мәслихат хатшысы                   Е. Аширов      

Кентау қалалық мәслихатының
2008 жылғы 27 маусымдағы N 72
шешімімен бекітілген

Кентау қаласы мен елді мекендердің аумағын абаттандыру
Қағидасы туралы

      1. Осы Қағида Кентау қаласының аумағын көріктендіру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің, Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      2. Қағида Кентау қаласында көріктендіру саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді.

      Жалпы қағидалар

      3. Заңды және жеке тұлғалар қаланың бүкіл аймағында тазалық пен тәртіпті қолдауға, сонымен қатар жеке меншік үйлер аумағында көріктендіру элементтеріне (жолдарды, тротуарларды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, субұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол бермеуге тиіс.
      4. Қаланы күнделікті күтіп ұстауды мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады және мынадай шараларды қамтамасыз етуге жұмылдырылады:
      1) автомагистралдарды, жолдарды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды (көпірлер, бөгеттер, жол өткізгіштер және осы сияқтылар), көше жарықтары нысандарын, шағын сәулет пішіндерін және басқада нысандарын күтіп ұстау және қалпына келтіру;
      2) зираттарды күту;
      3) көгалдандыру және жасыл желектерді күту;
      4) қала аумағын қоқыстан, қалдықтардан жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру;
      5) қаланың тиісті санитарлық жағдайы: тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған, қалдықтар үшін контейнерлер (арнайы көліктермен шығаруға арналған) қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендететін алаңдарды көріктендіру, нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;
      6) қала аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде-қарды жинау және шығару, өтпе жолдарды және жаяулар жүретін тротуарлар тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгіленген және көметін орындарға тұтыныс қалдықтарын шығару, өзендерді, бұлақтарды, шұңқырларды, лотоктарды, нөсер суларының канализацияларын және басқа су өткізетін құрылғыларды қоқыстан тазарту;
      7) санитарлық қорғалатын аймақтардың нормативтік шектеуінде жүйелі түрде аумақты күтіп ұстау жұмыстарын;
      8) бүкіл қалалық шаралар өткізу кезінде жекелеген жұмыстар;
      5. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлғалар, осы Қағиданың келесі талаптарына сәйкес орындау ұсынылады:
      1) өз бетімен өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен күнделікті бөлінген және бекітілген аумағын көріктендіріп және санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге;
      2) кез келген меншік нысанына ұқыпты қарауға, мемлекеттік меншік нысанына зиян келтірген жағдайда арнайы органдарға хабарлауға;
      3) көше аты мен үй нөмірі көрсетілген аншлагтарды техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстауға;
      4) қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет пішіндерін қалыпты жағдайда ұстауға;
      6. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды және жеке тұлғалар құқылы:
      1) аумақты күтіп ұстау және көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін бірігуге;
      2) аумақтың күтімі туралы өкілетті органдардан ақпарат алуға;
      3) қала аумағының күтімі бойынша өтетін конкурстарға, басқа көпшілік шараларға қатысуға.
      7. Көшелерді, алаңдарды, жаға жайларды, саябақтарды, скверлерді және басқа қоғамдық орындарды ластауға тиым салынады:
      қала аумағында тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауға;
      ішкі аулаларымен қоса кәсіпорындарда және жеке үйлердің де маңайында қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға;
      қоқысты (қатты тұрмыстық қалдықтарды) контейнерлерде және контейнерлік алаңшаларды өртеуге;
      үйлердің ішкі орамдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге тиым салынады;
      су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды жіберуге рұқсат етілмейді.
      8. Нөсер сулары канализацияларына жер үсті суларын кәсіпорын аумағынан және инженерлік жүйелерден жіберу үшін канализациялық желілерді пайдаланатын кәсіпорындарының келісімі және келісім-шарты болуы керек.
      9. Автокөлік кәсіпорындарына және автокөлік иелері қала көшелеріне көліктерді таза қалпында шығаруы ұсынылады. Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға; көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, ғимараттардың қақпаларына әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға, сондай-ақ автокөліктерді қоюға; аула аумағының ішіндегі жолдарда арнайы көліктің өтуіне тосқауыл болатын балкаларды, блоктарды және аумақтарды оқшаулайтын өзге қоршауларды түрғызуға және орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қарамастан бөлшектенген көлік құралдарын қоюға, осыларға арнайы бөлінген тұрақтардан басқа жерлерде тұруына тиым салынады.
      10. Тазарту жұмыстары осы Қағиданың талаптарына, өкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі.

      Кентау қаласы мен елді мекендердің аумағын тазартудың тәртібі.

      11. Аула аумақтарын күн сайын жинау арқылы тазалықты ұстайды. Ауа райы жағдайларына байланысты аяқжолдарға су себеді немесе құм төсейді, қар үйінділерінен аршиды, желектері бар үй жанындағы алаңдарды, балалар алаңдарын, суағарларды, (ирригацияларды) және дренаждарды тазалайды.
      Қоғамдық орындар аумақтарын (көпшілік пайдаланатын демалыс аумақтарын), оларда орналасқан объектілерді, элементтерді жинау келушілер мен жүргізушілер саны өте азайғанда (таңертең немесе кешкі уақытта) жүргізіледі. Елді мекендер аумақтарын жинау тәулік бойы іске асады және жазғы және қысқы болып бөлінеді.
      12. Жаз мезгілінде жүргінші бөліктерді және аяқжолдарды шаң, ластықтар, түскен жапырақтардан, көше қоқыстарынан жинап, суағар құдықтары тазартылады. Елді мекендер аумақтарының жүргінші бөлігі және аяқжолдарын жаздық жинауға сыпыру, су себу жүргінші бөлігін жуу жатады. Көшенің жүргінші бөліктері, алаңдар, көшелер және инженерлік құрылымдар таңертеңгі уақытта жуылады. Тынымсыз қозғалысы бар көшенің жүргінші бөліктері күнде жуылады.
      13. Жапырақтардың түсуі кезінде түскен жапырақтар көшенің жүргінші бөлігі, аяқжолдар немесе көгалдарға ұшып келуі мүмкін жерлерде жиналады. Жинаған жапырақтарды арнайы бөлінген жерлерге шығару керек. Тұрғын - үй аумақтарының гүлбақтарында және саябақтарда жапырақтарды өртеуге тыйым салынады.
      14. Қысқы жинау жұмыстары жүйелі (қар жауу аралығында) және мерзімді (қар жауу кезінде және кейін) болып бөлінеді. Қардың көп жаууы кезінде соңғысы апатты жинау болып саналады. Жүйелі тазалау таңертең, ал мерзімді (апатты) қар жауудан кейін басталады және көшелер мен аяқжолдардың жүргінші бөлігін толық тазалап біткенше жалғасады.
      15. Елді мекендер аумақтарын жинау, қоқыстарды, қарды, мұзды,
ластықтарды және құмды шығару жұмыстары сағат 7.00-ден сағат 19.00-ге
дейін және қажеттілігіне қарай күні бойы жүргізіледі. Қысқы жинау екі кезекке бөлінеді:
      - бірінші кезекте орындалатын жұмыстар, көлік және жүргіншілердің, әсіресе жол өткелдеріндегі, магистральды көшелердегі, автобус трассаларындағы қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамсыз ету керек.
      - екінші кезектегі жұмыстарға қар үйінділерін жасау, жолды қардан тазалау, мұзды ою және қар - мұз қабаттарын алып тастау, қар жауған кезде жүргінші бөлігін сыпыру кіреді.
      16. Жол және жолаяқтардағы қар мұздықтарының түзілуімен күресу үшін құм, тұз (немесе құмның басқа хлоридтерімен) қоспасын төсеу қолданылады. Төсеуді жоғары тынымсыз қозғалысы бар көшелерде және бірінші кезекте аса қауіпті жерлер; өрлер, құламалар, қиылыстар, қоғамдық көліктер тоқтайтын жерлер, көпірлердің жүргінші бөліктері, жол өткелдері және басқа инженерлік құрылымдардан бастайды.
      17. Шатырларды қардан тазалау және үй қабырғасы ернеулеріндегі, шатырлардағы шорларды алып тастау жұмыстарын тұрақты түрде ғимарат және құрылымдар иелері өз күшімен және қаржылармен жүргіншілермен бақытсыз жағдайлардың және ауа жүйелері, шырақтар, жасыл желектер зақымдануының алдын алуы үшін барлық шараларды сақтап жүргізеді.
      18. Тұрғын - үй массивтерін таңғы сағат 9.00 - ге дейін немесе кешкі мезгілде сағат 19.00 —ден кейін жинайды және оған келесі жұмыстар кіреді: аумақтарды сыпыру, үйінділерді жинау, үйінділерді белгіленген жерлерге тасымалдау, аяқжолдар плиталары арасындағы шөптерді алып тастау, қоқыс жәшіктерін және олардың тұратын жерлерін, аула жабуларын өңдеу және тазалау.
      19. Қалдықтарды және қатты тұрмыстық қалдықтарды канализациялық және жауынның суын қабылдайтын құдықтарға тастауға тыйым салынады.
      20. Жер пайдаланушыларға қойылатын талаптар:
      - қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік жүйелерді және элементтерді (құдықтар, люктер, торлар, тіректер, насос стансалары, жылу пункттері, трансформаторлар подстанциялары) тиісті жағдайда ұстауға;
      - қатты тұрмыстық заттарды бекітілген қоқыс тастайтын жерлерге шығаруға немесе оларды көмуді қамтамасыз етуге;
      - өз аумақтарында қажетті жағдайды, залалсыздандыру және дератизация (шыбын, тарақан, тышқан, егеуқұйрықтарды жою үшін) шараларын жүргізуге;
      - көк тайғаққа қарсы шараларды қарастыруға.
      21. Сауда нүктелерінің және тұрғындарға қызмет көрсететін (базардан тыс) басқа пункттердің иелері, сондай-ақ, осы объектінің жалдаушылары аталған объектілерді күні бойы тазалықта ұстайды және жұмыс соңынан кейін қоқыстар мен ластықтардан тазалайды.
      1) базар аумақтарының (соның ішінде шаруашылық, базар алаңдарының) жауын және жиналған сулардың ағуы үшін қатты жабулары (асфальт, кеспелер, жұмыр тастар), канализациясы, су құбырлары немесе су шығарудың жабық жүйесі болуы керек.
      2) базар иелері, базар аумақтарын, жапсарлас базар алаңын жинау, қоқыс жинақтарын тазалау және оларды тиісті жағдайда ұстау жүмыстарын жүргізеді.
      3) базар аумағы және оған жапсарлас аумағын тазалықта ұстауы тиіс. Күн сайын жұмыс күнінің соңында негізгі, ал күндіз ағымдағы тазалау жұмыстары жүргізіледі.
      4) базар аумағында келушілер мен базар қызметкерлері үшін қол шаятын, сауда интервалдарын, жеміс-жидектерді жууға арналған құрылғылар жабдықталуы тиіс.
      22. Саябақтарды жабылғаннан кейін тазалайды. Күндіз қалдықтарды, түскен жапырақтарды жинап, жасыл желектерді суарады.
      23. Зират аумақтарын ұстау және тазалау жұмыстарын аудандық (қалалық) әкімияттардың өкілетті мемлекеттік органдарымен келісім-шарт бойынша кәсіпорындар жүргізеді.
      24. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтеріне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар және басқалар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жүмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етуге тиісті.
      25. Егер де бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай қасбетін жөндеуге, жаңғырту жүмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға жұмсалатын қаражатты біріктіріп, жұмсауына болады.
      26. Заңды және жеке тұлғалар қала аумақтарында жол жабуларын, жаяу соқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкілетті органмен жазбаша рұқсат берілген кезде ғана ақылы түрде жүргізіледі.
      27. Көркейту, санитарлық тазалау, көгалдандыру және көшені жарықтандыру объектілерінде жұмыстар жүргізетін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар (МКК), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) және өндірістік кооперативтер қызметкерлері міндетті түрде арнайы киім киюі керек.

      2. Кентау қаласы мен елді мекендердің селитебті аумағы сыртына қалдықтарды жинау және алып кету.

      28. Тұрғын үйлердегі, сауда және қоғамдық тамақтандыру, мәдениет, қоғамдық ұйымдар және басқалардан қатты қалдықтарды шығару жұмыстарын жоспарлы - уақытылы жинау жүйесі бойынша келісім шартпен маманданған кәсіпорындар жүргізеді. Осы мақсаттарға арналмаған жерлерде қалдықтарды тастауға және әртүрлі қалдықтарды төгуге тыйым салынады.
      29. Қатты - тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығарудың жоспарлы - уақытылы жүйесіне жинаушы-объектілер аумағынан өтінішсіз бекітілген мерзіммен қалдықтарды уақытылы шығару кіреді:
      - қоғамдық және мәдениет объектілері үшін қажеттілігіне қарай, аптасына кем дегенде 2 рет;
      - аз қабатты құрылыс иелерінің тұрғын-үй иелері үшін қажеттілігіне қарай, кесте бойынша кем дегенде 2 аптада 1 рет;
      30. Ірі көлемдегі қалдықтарды шығару тапсырыс бойынша іске асады. Қоқыс және қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыруға санитарлық қызметтердің келісімі бойынша үй иелері, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларымен жасалған келісім шарт негізінде маманданған кәсіпорындар шығарады. Барлық алаңдарда, көшелерде, саябақтарды, базарларда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда қажетті мөлшерде сауыттар қойылуы тиіс.
      31. Мал өсіру және оларды мал тұратын жерлерде ұстаумен айналысатын шаруашылықтар және кәсіпорындар меншіктер олардың аумақтарында қалдықтарды жинауды және оларды кейін санитарлық қызметтердің келісімі бойынша арнайы осыған бөлінген жерлерге шығаруды қамтамасыз етуге тиіс.

      Қатты қалдықтарды залалсыздандыру.

      32. Кентау қаласында және елді мекендерде сәйкесінше заңдастырылған биіктігі 2 метрден кем емес қоршаулармен қоршалған, техникамен жабдықталған ең кемінде бір қоқысхана (полигон) ұйымдастырылуы керек. Қоқысханалар санитарлық нормаларды сақтай отырып, арнайы бөлінген жерде, қаладан ара қашықтығы кенттерден 1000 метрден кем емес қашықтықта санитарлық қорғаныс аумағында орналастыруға рұқсат етіледі.
      33. Қаладағы барлық қалдықтар және қатты тұрмыстық қалдықтар қоқысханаларға тасымалдайды және оларды залалсыздандыру жұмыстары осы жерде жүргізіледі. Қалдықтардың және қатты тұрмыстық қалдықтардың рұқсат етілген қоқысханаларға шығарылғаны тиісті құжаттармен расталады.
      34. Қалалық қоқысхана (полигон) аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеуге үзілді-кесілді тыйым салынады, олардың өздігінен жануы кезінде өртке қарсы қауіпсіздік шаралары өткізіледі.

      Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершіліктері.

      35. Осы Қағиданы бұзған жеке заңды тұлғалар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады