2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жiберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 2999 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 ақпанда N 14-4-59 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 269 қаулысымен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010.03.29 N 269 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға ұйымдардың тізбесі,қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін. (1-қосымша).
      2. Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.А.Арысбеков) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған қала бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жүзеге асырылсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек-ақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Түркістан қаласының қаржы бөлімі (Б.Ибадуллаевқа) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Төрежановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы Түркістан қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қала әкімi                                 Б. Сыздыков.

Түркістан қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 2999 қаулысымен бекітілген

      2009 жылға ұйымдардың тізбесі,қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі.

№ р/с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылғандардың сандары

1

2

3

4

1

Ауыл округтерінің әкім аппараттары, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме ұйымдар

Қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

78

2

Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу

58

3

Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар(Түркістан тазалық және жарықтандыру ЖШС, қалалық жылжымайтын мүліктерді тіркеу және бағалау филиалы)

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмектесу, құрылыс саласындағы мекемелерге үй салуға көмектесу

230

4

Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар

Аймақты экологиялық сауықтандыру-көгалдандыру, ағаштар отырғызу, көріктендіру

105

5

Ауыл округтерінің, қала кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар

Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

65

6

Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар

Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

18

7

Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, ішкі істер, Әділет басқармалары, әскери комиссариаты

Ішкі істер, Әділет басқармасы әскери комиссариат жұмыстарына көмектесу

46



Барлығы

600

      Іс-жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы,қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздардың еңбек ақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеу мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады