Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 25.07.2013 № 323 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабына, 238 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес жергілікті бюджет есебінен
қаржыландырылатын жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулы Бәйдібек ауданының мәслихатының сессиясына Тізбені бекіту үшін ұсынылсын.
3. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әбілдабекке жүктелсін.
Аудан әкімі С. Кенжебаев
КЕЛЕСІЛДІ:
Аудандық мәслихат хатшысы Т. Дүйсенбеков
Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 475 қаулысына қосымша
Жергілікті бюджет есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2009.04.27 N 211 Қаулысымен; өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2010.06.11 N 261 Қаулысымен.
N |
Лауазымдар атауы |
---|---|
Білім беру саласы мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдер |
2 |
Директор |
3 |
Оқу ісі жөніндегі, тәрбие жұмысы жөніндегі, инновациялық, шет тілі жөніндегі директордың орынбасары |
4 |
Педагог-психолог |
5 |
Педагог-социолог |
6 |
Педагог-ұйымдастырушы |
7 |
Тәлімгер |
8 |
Алғашқы әскери дайындық |
9 |
Үйірме жетекшісі |
10 |
Кітапхана меңгерушісі |
11 |
Кітапханашы |
12 |
Медбике |
13 |
Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі |
14 |
Әдіскер |
15 |
Есепші (бас, аға) |
16 |
Экономист |
Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Бөлім меңгерушісі |
2 |
Әлеуметтік қызметкер |
3 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман |
Мәдениет мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Директор |
2 |
Бөлім меңгеруші |
3 |
Клуб меңгерушісі |
4 |
Әдіскер |
5 |
Инспектор |
6 |
Әнші |
7 |
Нұсқаушы |
8 |
Сүйемелдеуші |
9 |
Көркемдік жетекші |
10 |
Артист |
11 |
Суретші |
12 |
Референт |
13 |
Режиссер |
14 |
Би қоюшы |
15 |
Кітапхана меңгерушісі |
16 |
Библиограф |
17 |
Кітапханашы |
18 |
Редактор |
19 |
Есепші |
20 |
экономист |
Спорт мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Директор |
2 |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
3 |
Аға әдіскер |
4 |
Әдіскер |
5 |
Дәрігер |
6 |
Медбике |
7 |
Жаттықтырушы |
8 |
Есепші |