Аудан әкімдігінің 29 желтоқсан 2008 жылғы N 475 "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 211 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 мамырда N 14-5-78 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 323 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 25.07.2013 № 323 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 29 желтоқсан 2008 жылғы N 475 "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына (Бәйдібек аудандық Әділет басқармасында 30 қаңтар 2009 жылы N 14-5-67 тіркеліп, "Шаян" газетінің 09 ақпан 2009 жылғы N 6 (258) санында жарияланған) мына төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
      қаулының қосымшасымен бекітілген "жергілікті бюджет есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі" осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әбілдабекке жүктелсін.      

      Аудан әкімі:                               С. Кенжебаев      

      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Қ. Дүйсенбеков      

      Бәйдібек ауданы әкімдігінің
      2009 жылғы 27 сәуірдегі
      N 211 қаулысына қосымша

Жергілікті бюджет есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

N

Лауазымдар атауы

Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:

1

Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдер

2

Директор

3

Оқу ісі жөніндегі, тәрбие жұмысы жөніндегі, инновациялық, шет тілі жөніндегі директордың орынбасары

4

Педагог-психолог

5

Педагог-социолог

6

Педагог-ұйымдастырушы

7

Тәлімгер

8

Алғашқы әскери дайындық

9

Үйірме жетекшісі

10

Кітапхана меңгерушісі

11

Кітапханашы

12

Медбике

13

Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

14

Әдіскер

15

Есепші (бас, аға)

16

Экономист


Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1

Бөлім меңгерушісі

2

Әлеуметтік қызметкер

3

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман


Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1

Директор

2

Бөлім меңгеруші

3

Клуб меңгерушісі

4

Әдіскер

5

Инспектор

6

Әнші

7

Нұсқаушы

8

Сүйемелдеуші

9

Көркемдік жетекші

10

Артист

11

Суретші

12

Референт

13

Режиссер

14

Би қоюшы

15

Кітапхана меңгерушісі

16

Библиограф

17

Кітапханашы

18

Редактор

19

Есепші

20

экономист


Дене тәрбиесі және спорт мамандарының лауазымдары:

1

Директор

2

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

3

Аға әдіскер

4

Әдіскер

5

Дәрігер

6

Медбике

7

Жаттықтырушы

8

Есепші

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады