Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010.03.15 N 113 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес Созақ аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тізімге сәйкес кандидаттардың сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленіп, оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыруды қамтамасыз ету ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Қ. Еспенбетовке жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әбдіқұлов
Созақ ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 18 шілдедегі
N 244 қаулысымен бекітілген
Сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру объектілерінің тізімі
Қ/с |
Ауыл әкімшіліктері |
Ауылдар мен елді мекендер |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру объектілері |
1 |
Шолаққорған ауыл әкімшілігі |
Шолаққорған ауылы |
1. "Мыңжылқы" мәдениет сарайы 2. Шолаққорған жалпы орта мектебі |