Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырылатын және елді мекендерде жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 5/37-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 мамырда N 14-13-41 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/88-IV Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2009.02.12 № 12/88-IV Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-шы бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің /Салық кодексі/ 491 бабының 2-ші тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырылатын және елді мекендерде жарнама объектілері бойынша төлемақының ставкалары N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 19/126-11 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 28/178-11, 2003 жылғы 22 сәуірдегі N 29/195-11 және 2005 жылғы 18 ақпандағы N 12/81-111 шешімдерінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     А. Исабеков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә. Шыңғысбаев

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 5/35-IV шешімімен
бекітілген N 1 қосымша

Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде жарнама объектілері бойынша төлем ақы ставкалары. 

N

Жарнама түрі

Алым ставкасы (ай сайын) (айлық есептік көрсеткіш)

Ленгір қаласы бойынша

Аудан аумағы бойынша

1

Көрсеткіштер, маңдайша жазулар, плакаттар, ақпараттық қалқандар 2 шаршы метрге дейінгі көлемде

1

0,8

2

Жарнама қалқандары 2 ш. метрден 5 ш.метрге дейін

1

0,8

3

Жарнама қалқандары 5 ш. метрден 15 ш.метрге дейін

1

0,8

4

Жарнама қалқандары 15 ш.метрден 30 ш.метрге дейін

1,2

1

5

Жарнама қалқандары 30 ш. метрден жоғары

1,4

1

6

Киоскілер мен уақытша павильондардағы жарнамалар

1

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады