Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 04.01.2013 № 13/69-V шешімімен.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31 баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 12/3778 ұсынысын ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақжар ауылының тұрғындары мен ауыл әкімінің ұсыныс пікірлері ескеріле отырып, Ақжар ауылының аумағы 461,41 гектарға ұлғайтылып, жалпы жер көлемі 1111,41 гектарды құраған шекарасы белгіленсін.
2. Осы аудандық мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С. Дүйсебаев
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж. Рысбеков
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ә. Шыңғысбаев