Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 7-57-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 мамырда N 14-15-58 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы N 16/113-IV Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2009.02.19 N 16/113-IV Шешімімен.
      2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 373 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Біржолғы талонның төлемақы ставкалары N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. N 2 қосымшаға сәйкес Шардара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Сессия төрағасы                            Р. Қарабаева     

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Т. Бердібеков

      Шардара аудандық мәслихатының
      2008 жылғы 23 сәуірдегі
      N 7-57-ІV шешіміне N 1 қосымша

      Біржолғы талонның төлемақы ставкалары 

N

Қызметтің түрі

Өлшем бірлігі

Біржолғы талонның мөлшері
(теңге)

1

Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы):



1)

Газеттер мен журналдар

1 күнге

50

2)

Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет)

1 күнге

100

3)

Бақша дақылдары

1 күнге

200

4)

Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер

1 күнге

150

5)

Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері

1 күнге

100

6)

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп

1 күнге

100

7)

Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық

1 күнге

200

2

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

1 күнге

200

3

Жолаушылар (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері:



1)

Қала, аудан ішінде

1 күнге

50

2)

Ауданнан тыс жерлерге

1 күнге

100

4

Үй жануарлары мен құстарды жаю:



1)

Құстарды жаю

1 күнге

30

2)

Жылқы, қара мал жаю

1 күнге

50

3)

Қой, ешкі жаю

1 күнге

100

      Шардара аудандық мәслихатының
      2008 жылғы 23 сәуірдегі N 7-57-ІV
      шешіміне N 2 қосымша

      1. Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 1 наурыздағы "Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" N 15-133-ІІ шешімінің (облыстық әділет басқармасында N 539 тіркелген, 2002 жылғы 22 мамырдағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған);
      2. Шардара аудандық мәслихатының 2005 жылғы 19 қаңтардағы "Шардара аудандық мәслихатының 2002 жылғы 1 наурыздағы N 15-133-ІІ "Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" (Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде N 1689 тіркелген, 2005 жылғы 11 ақпандағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған);
      3. Шардара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 16 наурыздағы "Шардара аудандық мәслихатының 2002 жылғы 1 наурыздағы N 15-133-ІІ "Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" (Шардара аудандық әділет басқармасында N 14-15-25 тіркелген, 2006 жылғы 26 мамырдағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған);
      4. Шардара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 19 желтоқсандағы "Шардара аудандық мәслихатының 2002 жылғы 1 наурыздағы N 15-133-ІІ "Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" (Шардара аудандық әділет басқармасында N 14-15-35 тіркелген, 2007 жылғы 18 -25 қаңтардағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады