"Жер салығының ставкалары туралы" 2003 жылғы 20 маусымдағы N 23/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 10 шілдедегі N 8/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 шілдеде N 5-1-87 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 35/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 27.02.2015 № 35/5-V шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 338 бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Өскемен қалалық мәслихатының "Жер салығының ставкалары туралы" 2003 жылғы 20 маусымдағы N 23/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1326 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 20 шілдедегі "Рудный Алтай" газетінің N 113, 2003 жылғы 29 шілдедегі "Дидар" газетінің N 73 сандарында жарияланған); "Жер салығының ставкалары туралы" 2003 жылғы 20 маусымдағы N 23/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы N 18/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-17 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 1 қаңтардағы "Дидар" газетінің N 1 және 2006 жылғы 5 қаңтардағы "Рудный Алтай" газетінің N 1 сандарында жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістерімен келесі өзгеріс енгізілсін:
      1) 4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "4. Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 маусымдағы N 7/2 шешімімен бекітілген Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 332 бабымен белгіленген жер салығының базалық салық ставкалары аймақ бойынша жоғарылатылсын:
 
 

Аймақтың нөмірі
 

Арттыру пайызы
 

1
 

31
 

2
 

33
 

3
 

35
 

4
 

38
 

5
 

41
 

6
 

44
 

7
 

46
 

8
 

50
 

   

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      қалалық мәслихаттың хатшысы

Е. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады