"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихатының "2008 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 4/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-86 нөмірімен тіркелген) 2008 жылғы 10 шілдедегі № 8/3 шешімін ескере отырып Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындары толтырылсын.
2. Қоса берілген 2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру бойынша Инструкцию бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Аязбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қолданысқа алғашқы ресми жарияланған күннен соң енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |
Қала әкімдігінің 2008 жылғы 15 қыркүйектегі № 716 қаулысымен бекітілген |
2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына
коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға
және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру бойынша
Нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық 2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру мәселелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнамаларды қолдануды нақтылайды. 2. Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыратын және коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуды қажет ететін адамдардың тізімін құрайтын өкілетті орган – "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Өкілетті орган).
3. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру (бұдан әрі – шығындарды толтыру), Өкілетті орган анықтаған тізімге сәйкес отбасына бір рет көрсетіледі.
4. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдары суық және/немесе ыстық сумен қамтуға орнатылады.
5. Шығындарды толтыру 451.007.000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша сатып алынған есептеу құралының құнына және оларды орнату бойынша жұмыс құнына тең, бірақ 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада азаматтардың "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы жеке шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.
6. Келесі құжаттар бар болған жағдайда шығындар толтырылады:
1) шығындарды толтыруға өтініш;
2) жеке куәлік;
3) азаматтарды тіркеу кітабы;
4) суық және/немесе ыстық суға есептеу құралдарын сатып алу және орнатуға төлегені туралы түбіртек;
5) суық және/немесе ыстық суға орнатылған жеке есептеу құралдарының есепке алынғаны туралы акт;
6) "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы жеке шот.
7. Тұрғын үй көмегін алушыларға коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуды ұйымдастыруды және бақылауды Өкілетті орган жүзеге асырады.
Өскемен қаласы | |
әкімінің орынбасары | Е. Аязбаев |