2009 жылға Өскемен қаласы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 7 қарашадағы N 1735 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 қарашада N 5-1-94 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2010 жылғы 10 қаңтардағы N Ин-5/16 хатымен

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2010 жылғы 10 қаңтардағы N Ин-5/16 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына , 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға Өскемен қаласы бойынша тұрғындардың келесі мақсатты топтары анықталсын:
      1) жасы жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      3) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуші, көп балалы, жалғыз басты ата-аналар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен, үнемі күтімді, көмекті және қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды күтіп ұстайтын азаматтар;
      5) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл бұрын);
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
      8) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) лажсыз емделуден босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) аз қамтылғандар;
      11) мектептердің, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері.
      12) жазғы демалыс уақытында студенттер мен мектеп оқушылары;
      13) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      14) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты тәртібінде жұмыс істейтіндер;
      15) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы тұлғалар;
      16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      17) 50 жастан асқан әйелдер;
      18) 55 жастан асқан ерлер.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Өскемен қаласы әкімідігінің 2009.06.05 № 1626 қаулысымен.
      2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
      Өскемен
      қаласының әкімі                     Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады