2008 жылғы 7 қарашадағы № 1735 "2009 жылға Өскемен қаласы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулыға өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 1626 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда № 5-1-115 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды ( Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2010 жылғы 10 қаңтардағы № Ин-5/16 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 10.01.2010 № Ин-5/16 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 75 "Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы" қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылғы 7 қарашадағы № 1735 "2009 жылға Өскемен қаласы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-94 нөмірімен тіркелген, "Дидар " газетінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 166, "Рудный Алтай" газетінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 179 жарияланған) келесі өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
       1 тармақтағы:
       11) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Мектептердің, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері";
      келесі мазмұндағы 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      12) жазғы демалыс уақытында студенттер мен мектеп оқушылары;
      13) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      14) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты тәртібінде жұмыс істейтіндер;
      15) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы тұлғалар;
      16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      17) 50 жастан асқан әйелдер;
      18) 55 жастан асқан ерлер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
       Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады