Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қарашадағы N 1994 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 қарашада N 5-1-95 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 шілдедегі N 2820 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 30.07.2009 № 2820 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабына сәйкес және Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 16 қазандағы № 10/5 "2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4/3 "2008 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешімін ескере отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-93 нөмірмен тіркелген, Кеңес жауынгерлерінің Курск шайқасындағы (1943 жыл 12 шілде – 23 тамыз) жеңісінің 65 жылдығына байланысты, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету Нұсқаулығы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қолданысқа алғашқы ресми жарияланған күннен кейін енгізіледі.

      Өскемен
      қаласының әкімі Т. Қасымжанов 

  Қалалық әкімдіктің
2008 жылғы 10 қарашадағы
№ 1994 қаулысымен
бекітілген

Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету бойынша Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі – материалдық көмек) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнамаларды қолдануды нақтылайды.

      2. Материалдық көмек Өскемен қаласында тұрақты тұратын, "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Өскемен қалалық филиалы ұсынған тізім бойынша Курск шайқасына қатысушыларға (бұдан әрі – қатысушылар) бір рет төленеді.

      3. Материалдық көмек төлеу 451.007.000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша қалалық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі және мөлшері

      4. Қатысушылар "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады:

      1) материалдық көмек көрсету туралы өтініш;

      2) жеке тұлғаны растайтын құжат;

      3) мәртебесін растайтын құжат (Курск доғасы шайқасына қатысушы);

      4) тұрғылықты мекенжайын растайтын құжат;

      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

      5. Материалдық көмек алу үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, салыстырғаннан кейін түпнұсқа құжаттар өтініш иесіне қайтарылып беріледі.

      6. Материалдық көмек мөлшері 2000 теңгені құрайды және отбасының кірісінен тыс тағайындалады.

3. Төлеу тәртібі

      7. Материалдық көмек "Қазпочта" акционерлік қоғамымен өтініш иесі көрсеткен мекенжайға жеткізу арқылы төленеді.

      Өскемен қаласы әкімі
      аппаратының басшысы А. Бақтиярова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады