"Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығын бекіту туралы" 2006 жылғы 22 ақпандағы № 175 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы N 684 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 1 тамызда N 5-2-94 тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 965 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 27.11.2023 № 965 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді, мәтінде "Қағидалар", "Қағидалардың", "Қағидалармен" деген сөздер "Нұсқаулық", "Нұсқаулықтар", "нұсқаулықпен" деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009.04.21 N 478 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-11 11-бабының 2-тармағы 3) тармақшасын, 16-бабын, 29-бабының 6-тармағын, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-11 Заңының 11-бабының 1-тармағын орындау және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес мүгедек балалары бар ата–аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуға көмек беру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығын бекіту туралы" 2006 жылғы 22 ақпандағы №175 қаулыға (нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-30 тіркелген, 2006 жылдың 13 сәуірдегі "Семей таңы" газетінде, 2006 жылдың 13 сәуірдегі "Семипалатинские вести" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Материалдық қамсыздандыру ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып төленеді.";

      "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығы" 2- бөлімде деген 11-абзац алынып тасталсын.

      2. Қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Семей қаласының әкімі

М. Айнабеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады