Әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 478 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда N 5-2-112 тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 965 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 27.11.2023 № 965 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213–1 Заңы 36-бабының 4-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Қағидаларын бекіту туралы” 2006 жылғы 22 ақпандағы № 175 қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 наурыздағы № 5-2-30 болып тіркелген, 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 15 “Семипалатинские вести” және 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 15 “Семей таңы” газеттерінде жарияланған) және “Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Қағидаларын бекіту туралы” 2006 жылғы 22 ақпандағы № 175 қаулыға өзгеріс енгізу туралы” 2008 жылғы 19 маусымдағы № 684 қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 1 тамыздағы № 5-2-94 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы № 32 “Семипалатинские вести” және 2008 жылғы 7 тамыздағы № 32 “Семей таңы” газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауында және қаулының бүкіл мәтінінде “Қағидалар”, “Қағидалардың”, “Қағидалармен” деген сөздер “Нұсқаулық”, “Нұсқаулықтар”, “Нұсқаулықпен” деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Семей қаласының әкімі

М. Айнабеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады