Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009.08.24 N 1037 қаулысымен.
Кадрлық өзгерістерге байланысты және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II Заңының 37-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір- маусымда және қазан - желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 339 қаулысына (2008 жылғы 5 мамырдағы № 5-2-87 нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген, «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде 2008 жылғы 22 мамырда № 21 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін:
Шаханов Шамғали Нұрғалиұлы - Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы;
Азбергенов Сержан Мұхтарұлы – қала әкімдігі аппаратының мемлекеттік - құқықтық бөлімінің бастығы міндетін атқарушы;
2) шығарылсын: Т.Б. Жолжақсынов, Р.Т.Нұралиев.
2. Осы қаулы жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Семей қаласының әкімі М. Айнабеков