Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 маусымдағы N 8/71-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 шілдеде N 5-3-59 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қазандағы N 13/98-IV шешімімен

     Ескерту.Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2008.10.31 N 13/98-IV шешімімен күші жойылды.
      
       «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Кодексінің 489, 491 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы  Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Курчатов қаласының аумағындағы жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы жылжымалы объектілерге сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін бір күнтізбелік айға төлемақы ставкасы  қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы,
      Курчатов қалалық
      мәслихатының хатшысы                          Ш. ТӨЛЕУТАЕВ

      Курчатов қалалық мәслихаты
      кезекті 8 сессиясының
      2008 жылғы 23 маусымдағы
      № 8/71-ІV шешіміне
      қосымша

      Курчатов қаласының аумағындағы жергілікті маңызы
      бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы
      жылжымалы объектілерге сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары

Аймақтың атауы

Ауданы

Жылжымалы объектілерге жарнамалар орналастырғаны үшін бір айға төлемақы ставкалары

Курчатов қаласы

Жүк көтерерлік шамасы 5 тоннаға дейінгі жүк автомобильі

2 АЕК

Жүк көтерерлік шамасы 5 тоннадан жоғары жүк атомобильі

3 АЕК

25-ке дейін отыратын орны бар автобус

2 АЕК

25-тен жоғары отыратын орны бар автобус

3 АЕК

Арнайы техника

3 АЕК

Жеңіл автомобильдер

1 АЕК

        

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады