Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 16.04.2014 N 26/8-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Бюджетке салынатын салық және басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 382-бабына сәйкес, қала әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 2-22-6883 ұсынысы бойынша Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1000 шаршы метрден асатын үй маңындағы жер учаскесіне базалық салық ставкасы 1 (бір) шаршы метрге 1 (бір) теңге көлемінде бекітілсін.
2. Риддер қалалық мәслихатының 2007 жылғы 23 қазандағы № 3/11-ІV "1000 шаршы метрден асатын үй маңындағы жер учаскесіне базалық салық ставкасын бекіту туралы" шешімі күшін жойды деп есептелсін (2007 жылғы 21 қарашасындағы нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуінің Тізілімінде 5-4-71 нөмірімен тіркелген).
3. Осы шешім бірінші ресми түрде жарияланған он күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша қызметіне енеді.
Кезекті сессияның төрағасы |
В. ДАРИЙ |
Қалалық мәслихат хатшысы |
А. ЕРМАКОВ |