1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкасын төмендету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі N 26/8-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда N 3342 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/18-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 12.03.2018 № 19/18-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 382-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 - бабының 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкасы 1 (бiр) шаршы метр үшін 6 (алты) теңгеден 1 (бір) теңгеге дейін төмендетілсін.

      2. "1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкасын бекiту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 13/3-V шешiмiнің күшi жойылды деп танылсын (2009 жылғы 12 қаңтардағы нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiркеуiнiң Тiзiлiмiнде 5-4-103 нөмiрiмен тiркелген, 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 3 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

З. ШАНЬШИНА

Қалалық мәслихат хатшысы

И. ПАНЧЕНКО


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады