Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 26.04.2013 № 12/3-V шешімімен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн откен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Кодексінің 338-бабының 1-ші бөліміне сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жерлерге салынатын базалық салық ставкалары бекітілсін:
1) Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкасы 50 пайызға ұлғайтылсын;
2) Жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкасы өзгеріссіз өз көлемінде қалдырылсын;
3) Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкасы 20 пайызға ұлғайтылсын;
4) Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкасы 50 пайызға ұлғайтылсын;
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Абай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Ғ. Қуанышбай