Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 13.07.2015 № 29/6-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының ставкалары, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
2. "Жерлерге салынатын базалық салық ставкалары туралы" 2008 жылғы 18 сәуірдегі Абай аудандық мәслихатының № 5-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-5-79 болып тіркелген, 2008 жылғы 15-30 сәуірдегі № 8 "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
А. Нұралы |
Абай аудандық |
|
мәслихатының хатшысы |
Т. Аманғазы |