Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2008.09.19 N 8-2 шешімімен.
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылғы № 209-ІІ салық Кодексінің 491-бабының 2 тармағына және “Жарнама туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Заңына сәйкес 2008 жылға жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерге орналастырлатын жарнама объектілері бойынша бір күнтізбелік айға төлем ақы ставкасы белгіленсін.
2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, 2008 жылға “Абай ауданы бойынша сыртқы (көрнекті) жарнамаларды (бір жағына) орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары төмендегідей болып белгіленсін:
1) Көлемі 2 шаршы метрге дейін көрсеткіштер, маңдайшалар, ақпараттық тақталар(әр бір объект үшін): төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 0,5;
2) Көлемі 2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін жарнамалық - ақпараттық объектілер: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 0,8;
3) Көлемі 5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін жарнамалық - ақпараттық объектілер: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 1,7;
4) Көлемі 10 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейін жарнамалық - ақпараттық объектілер: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 3,3;
5) Көлемі 20 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін жарнамалық - ақпараттық объектілер: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 5,0;
6) Көлемі 30 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейін жарнамалық - ақпараттық объектілер: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 8,3;
7) Көлемі 50 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жарнамалық - ақпараттық объектілер: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 11,7;
8) Көлемі 70 шаршы метрден жоғары жарнамалық - ақпараттық объектілер: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 16,7;
9) Палаткалардағы, тенттардағы, күркелердегі (шатралар), қолшатырлардағы, жалаулардағы, вымпелдардағы, штандарттағы жарнамалар:
9.1. Көлемі 5 шаршы метрге дейін: төлемақы сомасы (айлық есептік көрстеткіш х ставка) – 0,3;
9.2. Көлемі 5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 0,7;
9.3. Көлемі 10 шаршы метрден жоғары: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 1,7;
10) Уақытша орнатылған дүңгіршектер мен павильондардағы жарнамалар:
10.1. Көлемі 2 шаршы метрге дейін: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 0,2;
10.2. Көлемі 2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 0,5;
10.3. Көлемі 5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 0,7;
10.4. Көлемі 10 шаршы метрден жоғары: төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 1,7;
11) Автокөлік құралдарының сыртына орналастырылған жарнамалар (әр бір автокөлік үшін):
11.1. Автобустар, жүк автокөліктері және тағы басқа (жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан жоғары): төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 3,3;
11.2. Микроавтобустар, такси, жеңіл автокөліктер (жүк көтерімділігі 1,5 тоннаға дейін): төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 0,8;
12) Тасымалданатын құрастырмалы жарнамалар (штендерлер): төлемақы сомасы (айлық есептік көрсеткіш х ставка) – 1,7.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Абай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы: Б. Кәрібаев
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы: Т. Аманғазы
Абай ауданы бойынша сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 10 шілдедегі N 6-5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 шілдесінде N 5-5-82 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 8-2 шешімімен
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз